Әкім лауазымына үміткер өзін-өзі ұсына алады – сарапшы

14 Тамыз 2021, 10:31
3425
Бөлісу:
Әкім лауазымына үміткер өзін-өзі ұсына алады – сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры Алма Мұқанова айтты. Биыл 25 шілдеден бастап елімізде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтер әкімдерін тікелей сайлау өткені белгілі.

Қазақстандықтарға жаңа ереже бойынша тікелей дауыс бере отырып, өз елді мекенінің әкімін сайлайтын мүмкіндік берілді. Талаптарға сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтер әкімдеріне үміткер 25 жастан ҚР азаматы болуы тиіс. Жоғары білімінің болуы мен аталған елдімекен аумағында тұруы міндетті.

Сонымен қатар олардың белсенді сайлау құқығы болуы және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес барлық талаптарға жауап беруі тиіс, - деді ведомство басшысы.

Кандидаттарды саяси партиялар өздерінің мүшелерінің арасынан ұсына алады. Егер ұсыну мерзімінің соңына қарай екіден кем кандидат ұсынылса, оны одан жоғары тұрған әкім ұсынуы тиіс. Сондай-ақ әкім лауазымына үміткерлер өзін-өзі ұсына алады. Оған қойылатын басты шарт – сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде 1% қолын жинау.

Өзгелердің жаңалығы