Все новости за 22 шілде 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Елордалық спортшылар Құрбан айт мерекесіне орай қайырымдылық акциясына қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық спортшылар мұқтаж отбасыларға құрбандық етін тарату акциясына қолдау білдірді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
ҚТЖ алдағы жылу маусымына орай көмір тасымалдауға кірісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас кеңсесінде теміржолшылар мен көмір тасымалдаушылар кездесіп, алдағы жылу маусымына байланысты туындайтын өзекті мәселелерді талқылады.
-
Еркебұлан Дайыров Азияның үздік актері атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Актер Еркебұлан Дайыров «Күнбағыс» фильміндегі рөлі үшін Канн кинофестивалінің марапатына ие болды.
-
Forbes отандық спортшылар униформасын ең талғампаздар қатарына қосты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал Forbes журналы олимпиадалық форманың үздік 8 дизайнын анықтады.
-
Токио-2020: Бас бапкер боксшылардың Олимпиадаға дайындығы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Zoom арқылы өткен шара барысында боксшыларға қатысты сауалдарға жауап берді.
-
Мал аштан қырылып жатқан өңірде 1,2 мың тонна шөп өртеніп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында шаруа қожалықтарының бірінің аумағында 3 мың орам шөп толығымен жанып кеткен. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
-
ШҚТУ-да студенттер арасында ақшалай сертификаттар ойнатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да студенттердің арасында ақшалай сертификаттар ойнатылды.
-
Әскери-далалық госпиталь мамандары бітімгершілік миссияға дайындалуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласындағы Қорғаныс министрлігінің Әскери медицина орталығында Қазақстан мен АҚШ қорғаныс ведомстволары арасындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде далалық госпиталь қызметіне қатысты ақпарат алмасу болып өтті.
-
Дубай әуежайында екі ұшақ бір-бірімен соқтығысып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дубай әуежайында Бішкекке бет алмақ болған БАӘ еліне тиесілі бюджеттік әуекомпанияның Flydubai борты мен бахрейндік Gulf Air әуекомпаниясының борты бір-бірімен соқтығысып қалды.
-
Шөп шабу науқанына 43 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағар май бөлінеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр мүдделі мемлекеттік органдар мен өңір әкімдіктері өкілдерінің қатысуымен мал азығын дайындау мәселелері бойынша шұғыл кеңес өткізді.
-
Педагог алдағы 10 жылда сұраныста болатын мамандықтарды атады
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бeлceндi өзгepiп жaтқaн қaзipгi әлeмдe eңбeк нapығы дa тeз өзгepудe. Кeйбip мaмaндық бipдeн тaнымaл бoлса, кейбірі aз cұpaныcқa иe.
-
Елордалықтардың 31 пайыздан астамы спортпен айналысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Спортпен шұғылданып, денсаулығыңды нығайту қашанда маңызды. Пандемия кезінде де салауатты өмір салтын ұстанып, сүйікті ісіңмен айналысу үшін тиісті жағдайдың бәрі жасалған.
-
Шенеунік жайылымдық жер проблемасын шешу жолын айтты
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында ауылшаруашылық жерлері түгендеуден өткізілді. Нәтижесінде босалқы жер қоры нақтыланды. Өңірдегі егістік алқабы 23 981 гектар болса, жайылымдық жер 1 226 399 гектар екен.
-
COVID-19. Пандемия вакцина алмағандар арасында өтуде – Байден
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Джо Байден Огайо қаласында өткен кезекті жиында пандемия вакцинацияланбаған адамдардың арасында өтіп жатқанын мәлімдеді.
-
Пандемия әлемдік жұмыссыздық деңгейіне қалай әсер етті?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ сарапшылары коронавирус пандемиясының салдарынан туындаған әлемдік еңбек нарығындағы үрдістерді талдай келе, 2020 жылы көтерілген әлемдегі жұмыссыздық деңгейі ағымдағы немесе келесі жылы қалпына келеді деп күтуге болмайды деген қорытындыға келді.
-
Таразда 1-15 тамыз аралығында ыстық су тоқтайды
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында алдағы жылыту маусымына әзірлік шаралары 15 қазанға дейін аяқталады.
-
Мамин жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 21-22 шілдеде ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барып, оның барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты.
-
Жезқазған мен Сәтбаев тұрғындары сапалы ауызсумен қамтылады
Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. Аймақтағы ауызсу мәселесін қалыпқа келтіру бағытында кешенді шаралар атқарылуда. Халыққа сапалы ауызсу жеткізу бойынша ауқымды жоба аяқталуға жақын.
-
Шу тұрғындарынан 30 келіге жуық есірткі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ . Шу қаласының тұрғындарынан көлемі 3 миллион теңге тұратын есірткі заты тәркіленді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
-
Ішкі істер министрінің жаңа орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
-
Елордада 320 мыңнан астам адам КВИ вакцинасының I компонентін алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда тұрғындарын вакцинациямен көбірек қамту үшін Нұр-Сұлтанда демалыс және мереке күндері де жұмыс істейтін егу пункттерінің саны 3 есеге артты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
-
Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады.
-
Токио-2020: Дзюдодан бас бапкер турнир кестесіне баға берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін дзюдодан Токио Олимпиадасының жеребесі тартылды. Қазақстан командасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев турнир кестесіне шолу жасап, спортшылардың дайындығына тоқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Алматы облысында халықтың 42%-ы коронавирусқа қарсы екпе алды
Алматы, BAQ.KZ. Ел аумағында эпидахуал күрт нашарлады. Бүгінгі таңда Жетісу өлкесі «қызыл» аймақта. Сәйкесінше, облыста КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,4%-дан 0,6%-ға дейін артқан. Бұл туралы Жетісу медиа хабарлады.
-
Министр ХҚКО-да жұмыс істеді. Клиенттерге қызмет көрсетіп, сауалдарына жауап бердім – Мусин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ақтаудағы ХҚКО-да болып, жұмысымен танысты.
-
Павлодар облысының емдеу мекемелерінде дәрі тапшылығы жоқ
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысындағы 56 медициналық мекеме емдеу құралдарымен қамтылған. Бүгінде ұйымдардың барлығында бір айлық қор бар.
-
Жаңа оқу жылына өңірлердің дайындығы қалай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылына дайындыққа қатысты ұсыныстар әзірледі. Осыған сәйкес өңірлерде дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматыда құрылыс жүргізудің жаңа ережесіне қандай міндеттемелер енгізілгені айтылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында бір ай бұрын қабылданған құрылыс салудың жаңа ережелері туралы айтты.
-
Алматының интерактивті картасымен қай жерден танысуға болады?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда құрылыс цифрландырылып, барлық деректер интерактивті бір картаға көшіріледі. Бұл туралы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов онлайн брифинг барысында айтты.
-
Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың есебін тыңдады.
-
Қазақстаннан қандай елдерге ұшуға болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта әлемнің 16 еліне 44 бағыт бойынша аптасына 184 рейс орындалады.
-
Павлодардағы арнайы кітапхана елімізде үздіктердің қатарында
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысындағы зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана еліміздегі үздік рухани ордалардың бірі. Бүгінде кітап оқуға құштар екі мыңнан астам ерекше оқырманы бар.
-
BMW жүргізушісі елордада жаппай жол апатының болуына себепкер болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда жол апаты салдарынан Toyota автокөлігі аударылып қалды.
-
Коронавирустың «дельта» белгілері қарапайым суық тигенге ұқсайды – дәрігер
Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының аға дәрігері Абзал Малбасқанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте коронавирустың жаңа штамы, бактериялық пневмонияны жұқтырғандарды емдеу, сондай-ақ адам ағзасын қорғауға және иммунитетті күшейтуге қабілетті вакциналар туралы айтты.
-
Қарағандыда жасөспірімге жасалған шабуылдың видеосы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда жасөспірімге үш жерден пышақтап кеткен. Бұл туралы Instagram-да зардап шеккен баланың анасы айтты.
-
Токио-2020: Дзюдодан қазақстандық спортшылардың қарсыластары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан Токио Олимпиадасының жеребе тарту рәсімі аяқталды. Қазақстандық спортшылардың алғашқы айналымдағы қарсыластары белгілі болды.
-
Елордадағы Иманов көшесіндегі учаске уақытша жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Иманов көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Технологиялар дамыған шақта көптеген ауыл сапасы нашар суды тұтынып жүр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының ауыл әкімдерінің сайлауына байланысты өткізіліп жатқан үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Шілденің 22 күні партияның орталық аппаратының өкілдері екі аймақта өз кандидаттарын қолдау шараларын өткізді.
-
Ақтөбе облысында мал бағып жүрген жасөспірім 6 метрлік шұңқырға құлап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық ТЖД баспасөз қызметі мал бағып жүріп, абайсызда шұңқырға құлап кеткен 2005 жылы туған жасөспірім құтқарылғандығы туралы хабарлады.
-
Алматыдағы эпид ахуал: реанимация бөліміндегі науқастар саны үш есе артты
Алматы, BAQ.KZ. Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мегаполистегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы салдарынан коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі Қалалық штабтың жұмыс кеңесін өткізді.
-
Риддердегі өрт орнынан сым ұрлағандар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Риддердегі өрт орнынан кабельді ұрлағандар ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Өскеменде баға тұрақтылығын арнайы мониторингтік топ бақылайды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі күні Өскеменде әлеуметтік маңызы бар өнімдерді 5-тен 12 пайызға дейінгі үстеме бағамен саудалайтын 30 сауда нүктесі жұмыс істейді.
-
Барлық мектепке бейнебақылау мен дабыл жүйесі орнатылады – Даниал Ахметов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аймақ басшысы Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің отырысын өткізді, онда аймақты дамытуға қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
-
Ақмола облысында инфекциялық орындар саны 2 113-ке дейін ұлғайды
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірде коронавирус індетінің өршуіне қарсы жедел дайындық елде «Үнді» штаммы пайда болғанға дейін басталды. Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасының директоры Нұрлан Жаров өңірдегі ең ірі медициналық мекеменің жаңа толқынға дайындығы туралы айтып берді.
-
Қайынапасы неліктен келінінің бетіне ыстық шанышқы басқанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында келінінің бетін ыстық шанышқымен күйдірген қайынапасы неліктен ондай қадамға барғанын айтты. Сонымен қатар әйел өз қылығы үшін кешірім сұрады деп хабарлады zakon.kz.
-
78 жастағы анасына әдепсіз сөйлеген ұлы 10 тәулікке қамалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері ІІО есебінде тұрған, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген, спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексереді.
-
COVID-19 Ухань зертханасында қолдан жасалған ба?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы уақытта ДДСҰ ұйым өкілдері мен Батыс Еуропа елдерінің ғалымдары арасында коронавирустың Қытай зертханасында қолдан жасалынған деген тұжырым дау тудыруда . Ухань ұлттық биологиялық қауіпсіздік директоры Юань Чжмин бұл қауесеттерге қатысты жауап қайтарды. Бұл туралы Риа Новости хабарлады.
-
Таразда тұрмыстық қатты қалдықтардың 11%-ы сұрыпталды
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Тараз қаласы аумағындағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында бастау алған «Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында биыл шаһар маңындағы 28 гектар аумаққа 35 000 түп тал көшеттері отырғызылды.
-
Адамдар өз беттерімен ем қабылдағандықтан реанимацияға түсіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг барысында елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов хабарлады.
-
Токио-2020: Нұрбақыт Теңізбаев жетісулық спортшылар қай күні медаль алатынын айтты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы Дене шынықтыру және Спорт басқармасының басшысы, Олимпиада ойындарының жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев онлайн брифинг барысында Токио Олимпиадасына аттанған жетісулық спортшылардың әлеуеті жайлы айтты.
-
Токио-2020: Қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода теннистен ерлер мен әйелдер арасындағы турнирдің жеребе тарту рәсімі өтті деп хабарлады Olympic.kz.
-
Елордада күндізгі стационар мен жоспарлы емге жатқызу тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг барысында елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов хабарлады.
-
Токио-2020: Гвинея құрамасы Олимпиададан бас тартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гвинея құрамасы коронавирус пандемиясы байланысты Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартты. Бұл туралы AFP хабарлады.
-
Жамбыл облысында жұмыспен қамтуға 19 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Биыл Жамбыл облысында Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында барлығы 18,7 млрд теңге қарастырылған.
-
Оқулықты әзірлейтін мамандар курстардан өтеді – БҒМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқулықтарды әзірлеу және сараптау жөніндегі мамандар біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматы облысында ауыл әкімі сайлауына 238 үміткер тіркелді
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында халық әкімі атану үшін 238 үміткер күреседі. Олардың арасында мемлекеттік қызметшілер, өзін-өзі ұсынушылар, ғалымдар бар. Бл туралы Жетісу медиа хабарлады.
-
Димаш Құдайберген «Новая волна-2021» конкурсында қазылық етеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайберген 19-25 тамызда Ресей Федерациясының Сочи қаласында өтетін «Новая волна-2021» халықаралық жас орындаушылар байқауында қазылық ететін болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
-
ШҚО-да биыл алты мыңнан астам онкологиялық науқас тегін ем алды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірде бірінші жартыжылдықта алты мыңнан астам онкологиялық науқас медициналық көмек алды.
-
Көппәтерлі үйді басқару түрін өзгерту: Қарағанды облысында 303 жаңа басқару түрі құрылды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қaзaқcтан Рecпубликacының «Тұpғын үй қaтынacтары» Заңына өзгepicтep мeн тoлықтыpyлap енгізілуіне байланысты 2022 жылдың 1 шiлдeciнeн бacтaп пәтер иелерінің кооперативтерінің жұмысы тоқтатылады. Осыған орай Қapaғaнды oблыcының энepгeтикa жәнe тұpғын үй-кoммyнaлдық шapyaшылық бacқapмacының бacшысы Ұлaнтaй Үceнoв бірқатар сұрақтарға жауап берген болатын.
-
Санақ: Алғашқы кезеңдегі қателіктерді қайталамауымыз керек – департамент басшысы
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында ұлттық халық санағының бірінші кезеңі аяқталды. 1-30 маусым аралығында тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың тізімін жасау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта жинақталған деректер өңделіп жатыр.
-
Елордадан Балқашқа дейін: Жолдың жағдайы мен маңайы
Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатқан ең ауқымды жобалардың бірі - «Орталық-Оңтүстік» бағыты. Елордадан Балқашқа дейінгі жол да осы бағытқа кіреді. Қазіргі таңда аталған арақашықтық бойынша қанша шақырым жол салынып, қандай бағыт жөнделіп жатқанын келесі материалдан оқи аласыздар.
-
Рамазанова: Технологияны дамыту – әйелдер арасында IT-мамандықтарға сұранысты арттырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейжіңдегі Дяоюйтай резиденциясында ШЫҰ елдерінде әйелдерге білім беру және кедейлікті азайту форумы өтті.
-
COVID-19: 15 өңір «қызыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 22 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Елімізде КВИ-ге шалдыққан 272 пациенттің жағдайы өте ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 22 шілдедегі жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жариялады.
-
2487 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 2 487 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 5708 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 5708 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
БҚО-да егін даласында тоқ соққан комбайншы мерт болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында комбайн айдап келе жатқан механизаторды тоқ соқты, деп хабарлайды Мой город порталы.
-
Қарағандыдан Түркістанға әуе рейсі іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды әуежайы өзінің Instagram парақшасында Қарағандыдан Түркістанға жаңа әуе бағытының ашылғаны туралы хабарлады.
-
Үндістанда құс тұмауынан алғаш рет адам өлімі тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанда құс тұмауынан 11 жастағы бала қайтыс болды, деп хабарлайды India Today басылымы.
-
Қостанайда академик Кенжеғали Сағадиевке арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Аққулы ауданына Хакасиядан 100 бас симментал тұқымды ірі қара әкелінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 352 бас импорттық малды әкелуге 275,0 млн теңге сомасында «Сабырхан» ШҚ қаржыландыру алды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
-
Египетте бір жарым жылдан кейін алғаш рет шектеулер алынып тасталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Египетте бір жарым жыл бойы жабық тұрған театрлар, концерт залдары мен түнгі клубтар жұмысын қайта бастайды, деп хабарлайды 24.kz.
-
Нұр-Сұлтанда ер адам ойыншық тапаншамен ломбард тонаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада ер адам ойыншық тапаншамен ломбард тонап кетті, деп хабарлайды елордалық ПД баспасөз қызметі.
-
Жалған мәлімет таратқан дәрігер жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чехияда вакциналар туралы жалған мәліметтер таратқаны үшін хирург жауапқа тартылды, деп хабарлайды еліміздегі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
-
Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің жергілікті департаменті LV Force қаржы пирамидасының заңсыз жұмысын тоқтатты.
Наверх