Аққулы ауданына Хакасиядан 100 бас симментал тұқымды ірі қара әкелінді

22 Шілде 2021, 04:13
1813
Бөлісу:
Аққулы ауданына Хакасиядан 100 бас симментал тұқымды ірі қара әкелінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 352 бас импорттық малды әкелуге 275,0 млн теңге сомасында «Сабырхан» ШҚ қаржыландыру алды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл жайлы Аққулы ауданының әкімі Абзал Балғабаев 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша өткен брифингте айты.

Бүгінгі таңда 100 бас симментал тұқымды ірі ұара ауданға жеткізілді (РФ Хакасия), 252 герефорд ірі қара және 4 өндіруші бұқа, "Арганик Фуд" ШҚ-дағы 94 бас герефорд мал алды, – дейді Абзал Балғабаев.

Оның айтуынша, мал шаруашылығында ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері санының ірі қара мал -15,3%-ға (52 054), ұсақ қара мал – 2,1%-ға (59 230) және жылқы 22,0%-ға (19 208) өсуі байқалады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде ет, сүт, жұмыртқа өнімдерінің өндірісі өскені байқалады.

Ауданда егістік алқаптары – 18 мың гектарды құрайды, облыспен белгіленген жоспарға сәйкес ауданда 431 га суармалы жерлер айналымға енгізілді, соның нәтижесінде ауданның суармалы жерлерінің көлемі – 5 566 гектарға жетеді.

Ауданымызда «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы жүйелі түрде іске асырылуда, өңір кәсіпкерлері мен шаруашылықтарымыз бұл мүмкіншілікті пайдаланып жатыр. Бүгінгі күні аудан бойынша 9 жоба өтті. Жалпы 52 млн теңгеге, оның ішінде 7 жоба асырылды, әлі де осы бағыттағы жұмыс жалғасады, - деп атап өтті ол. 

Өзгелердің жаңалығы