Токио-2020: Дзюдодан қазақстандық спортшылардың қарсыластары анықталды

22 Шілде 2021, 15:10
3839
Бөлісу:
Токио-2020: Дзюдодан қазақстандық спортшылардың қарсыластары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан Токио Олимпиадасының жеребе тарту рәсімі аяқталды. Қазақстандық спортшылардың алғашқы айналымдағы қарсыластары белгілі болды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Әйелдер

48 келі

Рио Олимпиадасының жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэгтің бірінші айналымдағы қарсыласы - қытайлық Ли Янянь.

Ерлер

60 келі

Елдос Сметов Олимпиада ойындарын екінші айналымнан бастайды. Сметовтің қарсыласы – М. Аққұс (Түркия)/Намгел Нгаванг (Бутан) жұбының жеңімпазы болмақ.

66 келі

Ерлан Серікжановтың Токио татамиіндегі алғашқы қарсыласы – әзірбайжандық Орхан Сафаров.

73 келі

Жансай Смағұлов Олимпиададағы алғашқы кезеңде армениялық Фердинанд Карапетянмен кездеседі.

81 келі

Дидар Хамза Токио ойындарындағы бірінші белдесуде моңғолиялық Саид Моллаимен жолығады.

90 келі

Ислам Бозбаев Олимпиада ойындарындағы алғашқы айналымда бразилиялық Рафаель Маседомен белдеседі.

Өзгелердің жаңалығы