Пандемия әлемдік жұмыссыздық деңгейіне қалай әсер етті?

22 Шілде 2021, 19:46
3508
Бөлісу:
Пандемия әлемдік жұмыссыздық деңгейіне қалай әсер етті?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ сарапшылары коронавирус пандемиясының салдарынан туындаған әлемдік еңбек нарығындағы үрдістерді талдай келе, 2020 жылы көтерілген әлемдегі жұмыссыздық деңгейі ағымдағы немесе келесі жылы қалпына келеді деп күтуге болмайды деген қорытындыға келді.

Дүниежүзілік банк мәліметі бойынша әлемдік ЖІӨ 2020 жылы 3,6%-ға төмендеді және бұл 1961 жылдан бергі байқалған ең нашар нәтиже. Тіпті 2009 жылғы әлемдік қаржы дағдарысынан дүниежүзі ЖІӨ-нің 1,7%-ын жоғалтқан болатын. Жалпы әлемдік жұмыссыздық деңгейі дағдарыс жағдайында 2018-2019 жылдардағы 5,4%-бен салыстырғанда 2020 жылы 6,5%-ға дейін өсті. 2021 жылы ол 6,3% деңгейіне дейін аздап төмендейді деп күтілуде.

Қазір пандемия кезінде ушығып кеткен жұмыссыздық деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады. Мәселен, егер 2019 жылғы желтоқсанда бұл мән ЭЫДҰ елдері бойынша тұтастай алғанда 5,3%-ды құраса, 2020 жылғы сәуірдің өзінде 8,8%-ды құрады және бұл ушығу қарқыны ұйымның жаңа тарихында бұрын-соңды болмаған еді. Небәрі 4 айдың ішінде жұмыссыздар қатарын 20,4 млн адам толықтырды, ал олардың жиынтық саны 1,6 есеге, 35,5-тен 55,9 млн адамға дейін өсті. Дегенмен, 2021 жылдың мамырына қарай, жұмыссыздар саны өткен жылғы сәуірдің ең жоғары көрсеткіштерімен салыстырғанда 43,5 млн адамға немесе 12,4 млн адамға азайды.

ЭЫДҰ елдеріндегі жұмыссыздықтың жиынтық деңгейі 2021 жылы өткен жылғы 7,1%-бен салыстырғанда 6,6%-ға дейін төмендейді деп күтілуде, бірақ 2019 жылғы дағдарысқа дейінгі мәнге қарағанда жоғары - 5,4% болып қала береді. Тіпті 2022 жылы бұл көрсеткіш тек 6%-ға дейін төмендейді деп күтілуде, - деді ЕРДО Болжау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.
Көптеген адам ресми түрде жұмысынан айырылмағандықтан және мәжбүрлі демалыста жұмыс орнымен байланыста болғандықтан, жұмыссыздықтың балама көрсеткіші жұмыс уақытының көрсеткіші болып табылады. Мәселен, ХЕҰ мәліметі бойынша, өткен жылы барлығы жұмыс істеген уақыт саны әлемдік ауқымда 8,8%-ға қысқарды. Бұл толық жұмыспен қамтылған 303 млн жұмыс орнын жоғалтуды білдіреді.

Өңірлер бөлінісінде табысы орташадан төмен елдердің экономикалары ең көп шығынға ұшырап, онда олар 11,3%-ды (132 млн ТЖҚЖО) құрады. Табысы жоғары елдер бар болғаны 8,3%-ды (46,3 млн ТЖҚЖО), табысы орташа деңгейден жоғары елдер 7,3%-ды (110 млн ТЖҚЖО), табысы төмен елдер 6,7%-ды (15 млн ТЖҚЖО) жоғалтты.

G20-ға кіретін елдер 2020 жылы 195 млн ТЖҚЖО немесе жұмыс істеген жұмыс уақытының 8,5%-ын жоғалтты, ал 2021 жылы олардың шығындары үш есе азайып, 68,2 млн ТЖҚЖО құрайды. Бұл жұмыс істеген уақыттың 3%-ға қысқаруына сәйкес келеді. 

Осыған байланысты ең көп зардап шеккен елдер қатарында Перу - жұмыс уақытының қысқаруы 27,5%, Гондурас (24,3%), Панама (23,5%), Аргентина (21%) бар. АҚШ-та шығын 9,2%, ЕО аумағындағы 27 елде 8,3%, Ұлыбритания 12,8% болды. Еуроодақтың ірі экономикаларының (Германия, Франция және Италия) шығыны тиісінше 6,3%, 8,4% және 13,5% құрады. Азияның ірі экономикаларында жұмыс істеген уақыт мөлшері келесідей қысқарды: Қытайда 4,1%, Жапонияда 5,4% және Үндістанда 13,7% .

ХЕҰ бағалауы бойынша Қазақстанда 2020 жылы COVID-19 дағдарысы салдарынан қызметкерлердің экономика бойынша жұмыс істеген уақыты өткен жылмен салыстырғанда 11,5%-ға қысқарды. Ал толық жұмыспен қамтылған жұмыс орындарының санында (аптасына 40 сағат) көрсетілген жұмыс уақытының жоғалуы 939,2 мың бірлікті құрады. Көршілес елдерде жұмыс уақытының азаюы Ресей Федерациясы мен Өзбекстандағы 8,5%-дан Қырғызстандағы 11,7%-ға дейін өзгерді.

Тоқсандық өлшемде әлемдік экономика үшін ең ауыры 2020 жылдың екінші тоқсаны болды, ол кезде жұмыс істеген уақыт саны 2019 жылдың соңғы тоқсанымен салыстырғанда 18,2%-ға қысқарды, ал бірінші тоқсанда шығын барлығы 5,2%-ды құрады. Бірақ үшінші тоқсанда шығын 7,2%-ға дейін, ал төртінші тоқсанда 4,6%-ға дейін төмендеді.

ХЕҰ-да 2021 жылы әлемдік шығын 2020 жылғымен салыстырғанда екі еседен астам төмендейді және 3,5%-ды немесе 122 млн ТЖҚЖО құрайды деп күтілуде. Бұл шығындардың ішінде табысы орташа деңгейден төмен елдерге 42,4 млн ТЖҚЖО немесе 35%, табысы орташа деңгейден жоғары елдерге 49,5 млн ТЖҚЖО (41%) келеді, ал табысы жоғары елдердің шығыны барлығы 22 млн ТҚЖО, ал төмен елдерде 8,1 млн ТЖҚЖО құрайды деп болжануда.

Өзгелердің жаңалығы