Шу тұрғындарынан 30 келіге жуық есірткі табылды

22 Шілде 2021, 18:47
5188
Бөлісу:
Шу тұрғындарынан 30 келіге жуық есірткі табылды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ . Шу қаласының тұрғындарынан көлемі 3 миллион теңге тұратын есірткі заты тәркіленді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

2021 жылдың 15 шілдесінде «Қарасора-2021» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының құмды аймағында жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 27 және 61 жастағы жергілікті азаматтарды ұстады. Тінту барысында олардан салмағы 30 келіге жуық «марихуана» есірткісі табылды. Алынған есірткі затының салмағы 300 мың дозадан асады. Мұндай есірткінің қара нарықтағы мөлшерінің бағасы-шамамен үш миллион теңге.


Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі «Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмыскелер үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жаза қарастырылған, – деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.
Ұсталғандар кінәсін толық мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Өзгелердің жаңалығы