Мал аштан қырылып жатқан өңірде 1,2 мың тонна шөп өртеніп кетті

22 Шілде 2021, 22:03
3218
Бөлісу:
Мал аштан қырылып жатқан өңірде 1,2 мың тонна шөп өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында шаруа қожалықтарының бірінің аумағында 3 мың орам шөп толығымен жанып кеткен. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

21 шілде күні сағат 20.20-да Жаңақорған ауданының М.Нәлібаев ауылында «Бақытжан» шаруа қожалығының аумағында 3 мың орам шөп толығымен жанып кетті. Өрт сағат 23:30-да ауыздықталып, 00:30-да сөндірілді, - деп хабарлады Қызылорда облысының ТЖ департаменті.

Өртті сөндіруге Жаңақорған ауданы ТЖ бөлімінің 3 қызметкері және бір техника, Жаңақорған ауданы Орман және жануарлар дүниесін қорғау КММ-нің 18 қызметкері және бір техника, ерікті өрт сөндіру құрылымының 4 қызметкері және бір техника, сондай-ақ 3 бірлік техникасы бар шаруа қожалығының 30 жұмысшысы қатысқан.

ТЖД мәліметінше, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Айта кету керек, Маңғыстау және Қызылорда облыстары құрғақшылықтан зардап шегуде, соның салдарынан мал қырылуда. Шілде айының басындағы мәліметтер бойынша, аштықтан 1,5 мыңға жуық мал өлген.


Өзгелердің жаңалығы