Ақтөбе облысында мал бағып жүрген жасөспірім 6 метрлік шұңқырға құлап кетті

22 Шілде 2021, 14:30
3342
Бөлісу:
Ақтөбе облысында мал бағып жүрген жасөспірім 6 метрлік шұңқырға құлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық ТЖД баспасөз қызметі мал бағып жүріп, абайсызда шұңқырға құлап кеткен 2005 жылы туған жасөспірім құтқарылғандығы туралы хабарлады.

Оқиға 20 шілдеде Алға ауданы Бестамақ ауылынан екі шақырым жерде болған.

Мал бағып жүрген кезде 2005 жылы туған жасөспірім абайсызда шұңқырға құлап кеткен, - делінген хабарламада.

ТЖД қызметкерлері жасөспірімді алты метр шұңқырдан алып шыққан. Бала ауруханаға жатқызылған.

Өзгелердің жаңалығы