Все новости за 20 шілде 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қызылордада каналға құлап кеткен көлік ішінен екі адамның денесі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласындағы «Шіркейлі» каналының тұсында екі көлік соқтығысып, біреуі суға құлап кеткен. Көлік құтқарушылар күшімен жағаға шығарылды. Көлік салонынан екі әйелдің денесі табылды.
-
Риддер қаласында үйлері өртеніп кеткен 11 отбасына жаңа баспана берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласында үйлері өртеніп кеткен 11 отбасына жаңа баспана берілді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
-
Дәрігер баланың ауызынан неліктен жағымсыз иіс шығатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыздағы жағымсыз иіс - ересектерде ғана емес балаларда да кездесіп жатады. Жағымсыз иіс көбінесе баланың тісін таза ұстамағаннан шығады. Алайда кейбір жағдайға ерекше мән берген жөн дейді қазақстандық педиатр Әсия Ибрахимқызы.
-
АҚШ аумағын 80 ірі орман өрті шарпыды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрт бірден АҚШ-тың бірнеше штатына таралды. Оның қатарында Орегон, Калифорния, Айдахо және Аляска бар. Жергілікті тұрғындарға эвакуация қаупі туралы ескертілді.
-
Күйеуімен ұрсысып қалған жас келіншек көпірден секіріп кетпек болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 жастағы келіншектің әпкесінің қоңырауынан кейін полицейлер оны құтқарып қалды.
-
Енді Өзбекстанда жиындарға 50 адамнан артық қонақ шақырылмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ . Өзбекстанда 20 шілдеден бастап кафе мен мейрамханаларға арналған карантин шектеулері аясында осы күннен бастап той жиындарына шақырылар қонақтардың санын шектеу жайлы шешім өз күшіне енетін болды. Бұл туралы ӨзА хабарлайды.
-
Өскеменде жаңа тұрғын үйге ие болған тұрғындар дәретханаға далаға барып жүр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемендегі жаңа 9 қабатты үйдің тұрғындары төрт ай бойы жарық пен сусыз тұрып жатыр. Ол аздай дәретханаға далаға барады.
-
Халықаралық Олимпиада комитеті самбо күресін ресми түрде мойындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ . Самбо күресі ресми түрде Олимпиада бағдарламасына енеді. Бұл туралы ЭК хабарлады.
-
Оқушылардың мектептегі ас мәзірінде бал мен сүт болуы тиіс – Жамалов
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мектептердегі қауіпсіздік шараларын күшейту жұмыстары жүйелі қолға алынған. Мәселен Тараз қаласындағы барлық мектепке дабыл нүктесін орнату, бейнекамераларын полиция департаментімен интеграциялауға 107,2 млн теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу процедуралары басталды.
-
Ақтауда түзету мекемесінде мерт болғандар саны үш адамға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ГМ-172/6 түзету мекемесіндегі оқыс оқиға салдарынан көз жұмғандардың саны үш адамға жетті. Тағы сегіз сотталған зардап шекті.
-
Бүгін америкалық миллиардер Джефф Безос ғарышқа ұшады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 шілдеде Amazon корпорациясының басшысы Джефф Безос иелік ететін Blue Origin ғарыш компаниясы алғашқы миссиясын орындайды.
-
Мешітте дұға оқып отырған Малидің вице-президентіне қастандық жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мали президенті міндетін уақытша артқарушы Ассими Гоитаға пышақпен шабуыл жасалды.
-
Бюджет қаражатының игерілуі оның жұмсалуының тиімділігімен бағалануы тиіс – депутат
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы, кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқан сарабдал саясатының нәтижесінде еліміздің, оның ішінде Әулиеата өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды түрде артып келеді.
-
Елордалық гандболшылар V жастар ойындарында күміс жүлдені жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте қол добынан Қазақстан V Жастар ойындары аяқталды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Мысырда ежелгі әскери кеменің қалдықтары табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Фокус халықаралық археологтар тобы Мысырдың Александрия жағалауынан ежелгі әскери кеменің қалдықтарын тапты. Зерттеушілердің айтуынша, ол біздің дәуірімізге дейінгі төртінші ғасыр кемесі, деп хабарлады «Хабар 24».
-
Атыраудағы модульдік ауруханада соңғы үш айда 88 сәби дүниеге келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ . Атыраудағы модульдік ауруханада 88 нәресте дүниеге келген. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Теннистен Юлия Путинцева WTA рейтингінде жеті сатыға жоғарлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ .Әйелдер теннисі қауымдастығы кезекті рет рейтинг жаңартты. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
-
Вирусолог: Вакциананың екінші компонентін алмағандардың иммунитеті әлсіз болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вакцинаның бір ғана компонентімен шектелгендердің иммунитеті әлсіздеу болады. Бұл туралы Алексей Аграновский Sputnik радиосында хабарлады.
-
Белгілі кардиохирург Серік Бекбосынов өмірден озды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ .Бүгін елімізге белгілі кардиохируг Серік Темірханұлы Бекбосынов 41 жасында қайтыс болды. Бұл туралы кардиохирургия орталығы Facebook парақшасында мәлімдеді.
-
Имам карантиндік шектеулерді сақтауға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының Алатау ауданы Бекет Ата мешітінің бас имамы Мәди Ахметов карантиндік шектеу кезіндегі Құрбан айт мерекесі туралы айтты. Дін қызметкері мерекенің мұсылмандар үшін маңызы және індет кезінде құрбандық шалу рәсімін өткізу ережелері туралы хабарлады.
-
Алтын Досанова: КВИ инфекциясын жеңудің бірегей жолы – вакцинациялау
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі таңда КВИ ауруының көрсеткіші бойынша Түркістан облысы «сары» аймаққа енді. Осыған байланысты, өңірде тұрғындарды індетке қарсы вакциналау қалай жүріп жатыр? Облыс бойынша вакцина алғандар саны қанша? Жұртшылықтың вакцина алуға деген сенімі ұлғайды ма?
-
Францияда пандемияның жаңа толқыны басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел билігі COVID-19-дың төртінші кезеңін жариялады. Үкімет өкілі Габриэль Атталдың айтуынша, елде коронавирустық пандемия толқынының жаңа кезеңі басталып, ол алдыңғыларынан анағұрылым жоғары қарқынымен таралуда.
-
Маңғыстау мен Семейге қосымша пойыздар жүреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаз мезгіліне орай Алматы-2 вокзалынан Маңғыстау мен Семейге қосымша пойыздар жүретін болды, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» баспасөз қызметі.
-
Алматы дінтанушылары Құрбан айт мерекесін үйде өткізуге шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының Дін істері басқармасы мұсылмандардан Құрбан айт мерекесін тойлау кезінде шектеу шараларына түсіністікпен қарауды өтінді.
-
COVID-19. Италияда вакцинация қарқыны артып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияда COVID-19 вакцинациясының қарқыны артып келеді.
-
Шахматтан қазақстандық Ринат Жұмабаев сенсациялық жеңіске қол жеткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық шахмат федерациясының бас директоры Ринат Жұмабаевтың жеңісін үшінші кезеңнің ең үлкен сенсациясы деп атады. Ол ФИДЕ Әлем кубогының вице-әлем чемпионы, АҚШ-тың гроссмейстері Фабиано Каруананы жеңді.
-
Екпе алмасақ, қауіп көбейе береді – дәрігер
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Әлемді жайлаған короновирус індетін ұжымдық иммунитетті қалыптастыу арқылы ғана тоқтата аламыз.
-
Нұр-Сұлтандағы мұқтаж отбасыларға ет таратылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Құрбан айт мейрамына орай елорда әкімдігі қаладағы мұқтаж отбасыларға ет таратты, деп хабарлайды Елорда Инфо.
-
Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері пандемия кезінде дауыс беру қалай жүргізілетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек онлайн режимінде ауыл әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауын өткізуге дайындық туралы кеңес өткізді.
-
Ресейде вакцинадан бас тартуға шақырғандарды жауапқа тарту ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде COVID-19 вакцинациясынан бас тартуға шақырғандарды жауапқа тарту ұсынылды.
-
Абылайхан Жүсіпов: Олимпиада ауылында спортшыларға барлық жағдай жасалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Абылайхан Жүсіпов Токиодағы алғашқы жаттығу күндері қалай өтіп жатқанын айтып, шағын сұхбат берді деп жазады Olympic.kz.
-
Алматыда мотоцикл жүргізушісі әйел мен баласын қағып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда мотоцикл жүргізушісі әйел мен баласын қағып кетті. Салдарынан әйел қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
-
Олимпиада ойындарынан тікелей трансляция көрсетілмеуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарынан тікелей трансляция көрсетілмеуі мүмкін. Мән-жайды Қазақстан РТРК АҚ баспасөз қызметі түсіндірді.
-
АҚШ-та жаңа штамм жұқтырғандар саны күрт өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та коронавирустық ахуалдың қиындауына байланысты билік өкілдері халықты екпе алуға шақырды. Бұл туралы Reuters хабарлады.
-
СҚО-да бір жасар сәби коронавирустан көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы 3 күнде өңірдің инфекциялық стационарларында коронавирустан 4 адам қайтыс болды, оның ішінде 1,2 жастағы бір бала.
-
Тоқаев жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қасиетті құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды.
-
Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев фейсбук әлеуметтік желісінде Құрбан айт мейрамымен құттықтады.
-
Алакөл жағалауында 700-ден астам бұзушылық анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алакөл жағалауында 700-ден астам бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Елімізде 4,9 млн-нан астам адам КВИ-ға қарсы вакцина салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 шілде күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
-
Еліміздің 15 өңірі «қызыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Бір күнде КВИ мен пневмониядан 78 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 20 шілдедегі ақпаратты жариялады.
-
Елбасы: Құрбан айт – адамдарды мейірімділік пен ізгілікке үндейтін жарқын мереке
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Elbasy.kz хабарлайды.
-
Өткен тәулікте 2038 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 2038 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 4889 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 4889 адамнан ПТР арқылы коронавирус анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
-
Техаста тұрғын үйде жарылыс болып, 6 адам жарақат алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Американың Плейно қаласындағы (Техас штаты) үйдегі жарылыстан алты адам жарақат алды. Бұл туралы NBC DFW жергілікті телеарнасы хабарлайды.
-
СҚО-да жыл басынан бері 30 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзғандар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан СҚО полицейлері жол қозғалысы ережелерінің 30 мыңнан астам бұзушылығын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Кубада тәулігіне 6,5 мыңнан астам коронавирус тасымалдаушысы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кубада өткен тәулікте коронавирустың жаңа түрін жұқтырудың 6505 жағдайы анықталды, деп хабарлады республиканың денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Қаражал қаласында кезекте тұрған 200-ден астам адамға баспана беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаражалда қараусыз қалған үйлер қалпына келтірілуде. Бос тұрған көп қабатты үйлерді қайта құру нәтижесінде биыл 215 отбасы пәтер алады, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.
-
Ақтөбе облысында 34 көл-тауарлы шаруашылығын құру жоспарда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында өңірде жұмыс істеп тұрған шаруашылықтардың қуатын кеңейту, тұқы, бекіре, албырт балық түрлерін өсіру бойынша 34 көл-тауарлы, 8 тор, 1 тоған шаруашылығын құру жоспарланып отыр. Бұл туралы Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісовтің Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Елордада бір тәулікте карантин режимін бұзған 13 мекеме анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіпкерлік нысандары арасында карантин режимін бұзғандарды анықтау және жолын кесу жөніндегі мониторингтік топтар тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Мәселен, өткен тәулікте 18 шілдеде қалада шектеу шаралары сақталмаған 13 мекеме мен дүкен анықталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Сергей Ткаченко Польшадағы Гран-при турнирінде бақ сынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Польшаның Висла қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден Гран-при турнирінің екінші кезеңі өтіп жатыр. Турнирге қазақстандық спортшылар да қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Павлодарда инновациялық панельді үйлер салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Олег Круктің қатысуымен «Инновациялық панельді үй құрылысы зауыты» инвестициялық жобасын іске асыру бойынша «ERTIS Construction Ltd» ЖШС-нің жеке инвесторы арасында меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Наверх