АҚШ аумағын 80 ірі орман өрті шарпыды

20 Шілде 2021, 22:17
3275
Бөлісу:
АҚШ аумағын 80 ірі орман өрті шарпыды
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрт бірден АҚШ-тың бірнеше штатына таралды. Оның қатарында Орегон, Калифорния, Айдахо және Аляска бар. Жергілікті тұрғындарға эвакуация қаупі туралы ескертілді.

Орегон штатының тұрғындары 137 гектар жерді шарпыған орман өрті салдарынан эвакуацияға дайындалуы қажет. Бұл туралы жергілікті билік хабардар етті, деп мәлімдеді CNN.


Қазір АҚШ-тың 13 штатында 80 ірі орман өрті болып жатыр. Оны ауыздықтауға 20 мың адам атсалысуда. Бұл ретте ең ірі орман өрттері Орегон, Калифорния, Айдахо және Аляскада тіркеліп отыр.

АҚШ аумағын 80 ірі орман өрті шарпыды

Тілсіз жаумен күресте күннің ыстықтығы кедергі келтіруде.

АҚШ аумағын 80 ірі орман өрті шарпыды

Ауа райы шынымен бізге қарсы болып тұр. Ыстық, әрі құрғақ болады. Салдарынан одан әрі ыси түсіп, ауа ағымы көбірек келеді. Өрт сөндірушілер үшін қажет емес дүниелердің барлығы оттың өршуіне себептеседі, - деді құтқарушылар.

Өртпен күресті күшейту үшін ауа райының өзгеруі қажет. Қызметкерлердің сөзінше, кейбір орман өрті жауын-шашынның көмегімен өшіріледі деп күтілуде.  

АҚШ аумағын 80 ірі орман өрті шарпыды

Метеорологтардың айтуынша, осы аптадағы ауа райы көңіл көншітпейді. АҚШ-та ауа температурасы 10-15 градусқа жоғары, әрі толассыз жел соғып, қуаңшылықты одан әрі үдете түседі.

АҚШ аумағын 80 ірі орман өрті шарпыды

Өзгелердің жаңалығы