Мешітте дұға оқып отырған Малидің вице-президентіне қастандық жасалды

20 Шілде 2021, 18:45
2442
Бөлісу:
Мешітте дұға оқып отырған Малидің вице-президентіне қастандық жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мали президенті міндетін уақытша артқарушы Ассими Гоитаға пышақпен шабуыл жасалды. 

Бұл туралы lenta.ru хабарлады.

Оқиға Ассами Гоитаның Бамакодағы мешітте намаз оқып отырған жерінде орын алған. Белгілі болғандай, белгісіз екі ер адам шабуыл жасаған. Олардың бірінің қолынан пышақ табылған.

Оқиғаның мән-жайы әлі ашылған жоқ.

24 мамырда Малидегі әскери күштер Ба Ндау мен премьер-министр Моктар Уанды тұтқындады және оларды Бамако астанасының жанындағы Кати әскери базасына көшірді. Вице-президент Ассими Гоита президент пен премьерді өтпелі хартияны бұзғаны үшін қызметінен босатқанын мәлімдеді. 

Гоита бастаған әскери кеңес елді басқаруды өз мойнына алды және келесі жылы Малиде президенттік және парламенттік сайлау өткізілетінін жариялады. 

Мали Конституциялық соты Гоитаны өтпелі кезең президенті деп жариялады.

Өзгелердің жаңалығы