Енді Өзбекстанда жиындарға 50 адамнан артық қонақ шақырылмайды

20 Шілде 2021, 21:09
1955
Бөлісу:
Енді Өзбекстанда жиындарға 50 адамнан артық қонақ шақырылмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ . Өзбекстанда 20 шілдеден бастап кафе мен мейрамханаларға арналған карантин шектеулері аясында осы күннен бастап той жиындарына шақырылар қонақтардың санын шектеу жайлы шешім өз күшіне енетін болды. Бұл туралы ӨзА хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 20 шілдеден бастап той жиындарға (мейрамханаларда) отбасылық мерекелерді, үйлену тойларын, салтанатты шараларды ашық аспан астында өткізу мүмкін болмаған жағдайда, оны 50 кісілік қонақтан асырмай өткізуге рұқсат берілді.

Онда санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтау қажет және рұқсат етілген 50 адам жақын туысқандары мен осы ауданда тұратын басқа жақын кісілер болуы керек.

Еске сала кетейік, арнайы комиссияның бұған дейінгі шешімімен 1 тамыздан бастап той жиындары мен басқа да салтанатты шараларға 50 адамнан артық қонақ шақыруға шектеу қойылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы