Шахматтан қазақстандық Ринат Жұмабаев сенсациялық жеңіске қол жеткізді

20 Шілде 2021, 13:48
1466
Бөлісу:
Шахматтан қазақстандық Ринат Жұмабаев сенсациялық жеңіске қол жеткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық шахмат федерациясының бас директоры Ринат Жұмабаевтың жеңісін үшінші кезеңнің ең үлкен сенсациясы деп атады. Ол ФИДЕ Әлем кубогының вице-әлем чемпионы, АҚШ-тың гроссмейстері Фабиано Каруананы жеңді.

Біздің құраманың көшбасшысына жеңіс оңай келген жоқ .Ол қара түспен  ойнады. Қарсыласпен қыңыр күрестің барысында  стандартты емес арақатынасы бар позициялар пайда болып,  жерлесіміз қарсыласпен қатаң күрестің арқасында жеңіске жетті , - деп хабарлады Қазақстан шахмат федерациясы.

Айта кетейік, кешегі өткен турда қазақстандық гроссмейстер тең ойын өткізді. Ол осылайша 1,5: 0,5 есебімен  ФИДЕ Әлем Кубогының келесі кезеңіне жолдаманы қамтамасыз етіп, өзінің басты қарсыласы атанған кубок фавориттерінің бірін жарыс жолынан шығарып отыр.

Өзгелердің жаңалығы