СҚО-да жыл басынан бері 30 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзғандар анықталды

20 Шілде 2021, 06:20
2099
Бөлісу:
СҚО-да жыл басынан бері 30 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзғандар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан СҚО полицейлері жол қозғалысы ережелерінің 30 мыңнан астам бұзушылығын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Көп жағдайда жүргізушілер жолда апаттылықты және жарақаттануды төмендетуге бағытталған қарапайым ережелерді ұстанбай жатады. Жол қозғалысы ережелерінің талдауы жүргізушілердің көбіне қауіпсіздік белдігін пайдаланбайтынын көрсетті. 6 айдың ішінде осындай 2817 факті анықталды. Бұл әрбір оныншы бұзушылық болып табылады, жалпы саны 29 мыңнан асқан.

Ұстап қалатын құрылғыларды пайдаланбау – жол-көлік оқиғасы кезінде ауыр салдарға алып келуі мүмкін, – деді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах. – Жол қозғалысы ережелерінің талаптары көп жылдық тәжірибені ескерумен әзірленгенін естен шығармаған жөн, аталған ереже адам өмірі мен денсаулығын сақтауды көздейді. Көлік тізгінінде ұялы телефонмен пайдалануға тыйым салынған, бұл да аса маңызды. Жүргізушіні көлік басқарудан еш нәрсе алаңдатпауы тиіс. Бұл жаз кезінде, жолға велосипедшілер мен скутер жүргізушілері, көшеге балалар шыққан кезде аса өзекті. Кез келген уақытта телефон оқыс оқиғаға алып келуі мүмкін. Бұл бұзушылық жиі жасалуда, жарты жылдың ішінде бұндай 1423 факті тіркелген.

Жылдамдықты асыру – жиі орын алатын қауіпті бұзушылықтардың бірі. Қаңтар айынан бұндай 2812 бұзушылық тіркелген. Өткен жылы жылдамдық режимін асыру салдарынан 8 жол-көлік оқиғасы тіркелді, апаттан 1 адам көз жұмып, 11-і жарақат алды. 2019 жылы осы себептен 7 адам қаза тауып, 26 адам жарақаттанды. Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жол қозғалысы қатысушыларының денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмеуге шақырады.

Өзгелердің жаңалығы