COVID-19. Италияда вакцинация қарқыны артып келеді

20 Шілде 2021, 14:14
1845
Бөлісу:
 COVID-19. Италияда вакцинация қарқыны артып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияда COVID-19 вакцинациясының қарқыны артып келеді. 

Қазірдің өзінде коронавирустық инфекцияға қарсы иммундауға жататын ел халқының жартысынан көбі егілді. 20 шілдедегі мәліметтерге сәйкес, елдің 27 миллионнан астам тұрғыны немесе 12 жастан асқан халықтың 50,2%-ы COVID-19 вакцинасының екі дозасын алды, - деп хабарлады Италияның Денсаулық сақтау министрлігі. 

Вакцинация науқаны кезінде коронавирусқа қарсы мақұлданған төрт вакцинаның 61,5 миллион дозасы қолданылды.

Вакцинациямен ең көп қамтылған халық тобы-50-ден 59 жасқа дейінгі адамдар. Одан кейін 60-69 жас, 70-79 жас және 40-49 жас аралығындағы топтар.



Өзгелердің жаңалығы