Риддер қаласында үйлері өртеніп кеткен 11 отбасына жаңа баспана берілді

20 Шілде 2021, 23:25
1958
Бөлісу:
Риддер қаласында үйлері өртеніп кеткен 11 отбасына жаңа баспана берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласында үйлері өртеніп кеткен 11 отбасына жаңа баспана берілді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Қалған 20 жанұя жақын уақытта үйлі болады. Екі ай бұрын Риддерде 290 га аумақты шарпыған алапат өрт болған еді. Салдарынан сол маңдағы 30-дан астам үй жанып кеткен болатын. Риддер тау ішінде тұрғандықтан қысы қатты әрі ұзақ. Сондықтан үй сапасы да соған лайық тұрғызылды. 

Тұрғындар құрылыс барысын мемлекеттік комиссиямен бірге бақылады. Бүгін жаңа шаңыраққа кірген жұртқа ас үй жиһазы сыйға тартылды. Енді бұл ықшам аудан абаттандырылады. 

Қазір осы үйлер салынып жатқаннан кейін мына үйлердің есік алдында, жалпы үйлердің араларында балаларға арналған ойын-сауық орталықтары болады, сосын үлкен кісілер қыдыратын парк зона дейміз ғой, соның бәрін мына риддерлік әкімшілік жоспарында бар, қазір ол жұмыстар басталып, жалғасын тауып жатыр, – дейді ШҚО әкімінің орынбасары Азамат Мұхамедшинов.

Өзгелердің жаңалығы