Ақтөбе облысында 34 көл-тауарлы шаруашылығын құру жоспарда

20 Шілде 2021, 03:18
1292
Бөлісу:
Ақтөбе облысында 34 көл-тауарлы шаруашылығын құру жоспарда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында өңірде жұмыс істеп тұрған шаруашылықтардың қуатын кеңейту, тұқы, бекіре, албырт балық түрлерін өсіру бойынша 34 көл-тауарлы, 8 тор, 1 тоған шаруашылығын құру жоспарланып отыр. Бұл туралы Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісовтің Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысында Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов облыстың балық шаруашылығы субъектілерімен және әлеуетті инвесторларымен кездесіп, олармен өңірде балық шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Кездесу барысында ведомство басшысы мемлекеттік қолдау шаралары, соның ішінде субсидиялау, балық өсірумен айналысатын субъектілер үшін жасалған жағдайлар және заңнаманы жетілдіру туралы хабардар етті.

Комитет төрағасы жайын балықтарын өсіретін «Мұрагер 22» ЖШС жабық сумен қамтамасыз ету қондырғысын пайдаланатын балық өсіру шаруашылығының жұмысымен танысып, «Ардағым» ШҚ, «Асыл бахтах» ШҚ тоған шаруашылықтарына, сондай-ақ торлы шаруашылықтар құру жоспарланған бірқатар су қоймаларына барды.

Өзгелердің жаңалығы