Техаста тұрғын үйде жарылыс болып, 6 адам жарақат алды

20 Шілде 2021, 07:38
1594
Бөлісу:
Техаста тұрғын үйде жарылыс болып, 6 адам жарақат алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Американың Плейно қаласындағы (Техас штаты) үйдегі жарылыстан алты адам жарақат алды. Бұл туралы NBC DFW жергілікті телеарнасы хабарлайды.

Жарылыстың себебі белгісіз, үй толығымен қираған, қоқыстар ондаған метрге шашырап кеткен. Хабарланғандай, жарылыс толқынын бір миль радиустағы (шамамен 1,6 шақырым) үйлердің тұрғындары да сезген. Аудан тұрғындарының бірі терезелердің зақымданғаны туралы хабарлады.

Өрт сөндіру қызметтерінің хабарлауынша, зардап шеккен үш адамды ауруханаға жатқызуға тура келді.


Өзгелердің жаңалығы