Все новости за 11 маусым 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
ҰБТ-ны алып тастау туралы ұсыныс айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұндай ұсынысты КАЗГЮУ-дің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев айтты.
-
Төтенше жағдай: Оралда қауіпті у табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында жергілікті ауқымда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланатын болды. Жергілікті биліктің мұндай шешім қабылдағаны туралы ақпарат ашық НҚА порталында жазылды.
-
Елорда полицейлері «Аулада қабылдау» іс-шарасын өткізіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін тұрғын үйлердегі барлық санитарлық норманы сақтай отырып, «Аулада қабылдау» акциясы басталды.
-
Елордада карантин талаптарын елемеген қоғамдық орындар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың мониторингтік топтары бірнеше айдан бері күшейтілген режимде жұмыс істеп, қаланың кәсіпкерлік нысандары арасында карантин бұзушыларды анықтап жатыр.
-
Кембридж университетінің ғалымдары Алаш Орда мұрасын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алаш Орданың жетістіктері мен мұрасы XX ғасыр басындағы Орталық Азия тарихына арналған Кембридж бейнеконференциясының басты тақырыбы болды.
-
Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл 7-11 маусымда Алматы қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтік делегацияларының 84-отырысы өтті.
-
ERI: Бұл рейтинг еліміздегі бизнес жүргізу ахуалын дәл бағаламаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық экономика министрлігі жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Сараптамалық кеңесі US News & World Report 2021 жылғы нұсқасы бойынша бизнес үшін үздік елдер рейтингіндегі Қазақстанның позициясына түсініктеме берді. Оның нәтижелері бойынша Қазақстан 78 елдің ішінде 75-орында тұр.
-
Сарапшы адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңға қатысты пікірін білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Заң ғылымдарының кандидаты, ҚР «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» өкілі Әсел Қазбаева «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын Республика Конституциясына сәйкестігіне тексеру қортындысы бойынша Конституциялық Кеңеспен қабылданған нормативтік қаулысына қатысты пікірін білдірді.
-
Шымкентте алаяқ тұрғынның 380 тонна күрішін иемденіп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте алаяқ тұрғынның бес миллион теңгеге күрішін иемденіп кеткен.
-
Атырауда коронавирус жұқтырғандар көбейген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Сары» аймақтағы Атырауда коронавирус жұқтырғандар көбейген.
-
Жамбыл облысында жарақаттанған кәсіпкер оқ атқандардың көлігін соқты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында ер адамдардың арасында жанжал шығып, арты атысқа ұласып кеткен.
-
Қызылордада жазасын өтеушілер көліктің қосалқы бөлшектерін шығаруда
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылордадағы 3K-I69/5 түзеy мекемесiнде 13 кәсіпкер жұмыс істейді. Олар өндіріс аймағында жұмыс көзін ашып, жазасын өтеушілерді жұмыспен қамтиды.
-
Сарапшы мектеп түлектеріне университет таңдау бойынша кеңес берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаннан кейін әр түлек жоғары оқу орны мен болашақ мамандығын таңдайды. Қазақстандық түлектердің таңдауында 129 университет бар. Өмірлік маңызы бар шешім болғандықтан қателеспеу қажет екені белгілі.
-
UEFA EURO 2020 ойындарын жүргізетін комментаторлар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін футболдан UEFA EURO 2020 чемпионаты басталады. Қазақстандық жанкүйерлер турнирдің барлық ойынын «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. 16-шы Еуропа біріншілігі 2021 жылдың 11 маусым - 11 шілде аралығында өтеді.
-
Ауыл тұрғындары үшін кеңес беру қызметінің жұмысы жалғасуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚДМ және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» көмегімен «Кеңес» онлайн кеңес беру қызметі «Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру» жобасын іске асыру аясында 100-ден астам кеңес берді.
-
Жергілікті жұмысшылардың жағдайы мен ұлттық мүддені бірінші орынға қоюымыз керек – Президент
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев президенттікке келген алғашқы күндерден бастап елдегі әлеуметтік-саяси проблемалармен бетпе бет келіп, оны шешудің тиімді жолдарын ұсынды.
-
Хабарсыз кеткен қазақстандық жауынгерлердің сүйегі туыстарына тапсырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Қазақстан Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Ұлы Отан соғысындағы ұрыс алаңдарында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің туыстарының қатысуымен іс-шара өтті.
-
Астанада йогадан, фитнес жаттығулардан тегін сабақтар өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары үшін жаз мезгілінде йога, фитнес жаттығулардан арнайы тегін сабақтар өтеді.
-
QS World University Rankings қазақстандық университеттерден жалған статистика алып жүр ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында Quacquarelli Symonds (QS) халықаралық рейтинг агенттігі 2022 жылғы үздік университеттердің тізімін жариялады. Академиялық рейтингке қазақстандық 14 оқу орны енді. Шынымен қазақстандық университеттер әлемдік альма-матерлердің деңгейінде ме? Әлде QS оқу орындарынан жалған статистика алып, алданып жүр ме? Осы орайда, білім беру саласының сарапшылары Media CLUB QAZAQSTAN платформасында аталған рейтингтің қаншалықты дұрыс өткізілетінін талқылады.
-
Уақытылы күтім жасау дағдыға айналғанда ғана табиғи тісті сақтап қалуға болады – стоматолог
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Тіс емдейтін стоматология қызметіне сұраныс жоғары. Стоматолог қызметіне кімдер жиі жүгінеді? Тіс неден бұзылады? Табиғи тісті сақтау үшін нені білу керек? Тіс саулығына қатысты қандай реформа жүргізілуі тиіс? Осы және басқа да сұрақтарға тәжірибелі стоматолог-терапевт Гүлмира Өміржанова жауап берді.
-
ШҚО-да суға түсуге тыйым салынған 64 орын анықталған
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Облыста көк айдындары тексеріліп, қоғамдық құтқарушыларын белгілеген 16 демалыс базасы демалушыларды қабылдауға толық дайын.
-
Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне көрме ашылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік орталық музейде пандемиямен күресте алғы шепте жұмыс істеген дәрігерлердің құрметіне «Бірге жеңеміз» атты көрме ашылды.
-
Нұр-Сұлтанда карантин тәртібі алты мекемеде бұзылғаны анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың мониторингтік топтары бірнеше айдан бері күшейтілген режимде жұмыс істеп, қаланың кәсіпкерлік нысандары арасында карантин бұзушыларды анықтауда.
-
Өскемен тұрғынынан қалам тәрізді қару тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласының тұрғынынан ататын қару-қалам тәркіленді, деп хабарлады ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
-
Мұрат Ахметов жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. М. Ахметов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.
-
Айта алмаймын. Тұрғымбаев Аяжан Еділованың өлімі жөнінде пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы 19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты пікір білдірді.
-
Министр Әсел Айтпаеваның ісіне қатысты түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Грузияда қаза болған Әсел Айтпаеваның ісіне тоқталды.
-
Камера алдында халықтан кешірім сұрайтындардың жазасы жеңілдейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полиция құқық бұзушылық жасаған азаматтарды камера алдында кешірім сұрауға мәжбүрлемейтінін айтты.
-
Олимпиада күні: Елімізде мерекені жеңіл атлеттер бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан өңірлерінде Халықаралық Олимпиада күніне арналған спорттық шаралар басталды. Бұл мереке жыл сайын 23 маусымда атап өтіледі.
-
Тұрғымбаев елорда полициясы үшін жаңа ғимарат қашан салынатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев экономикалық жағдайды жақсарту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлеріне жаңа ғимарат салу мәселесі тағы да қаралатынын айтты.
-
Маған ешкім қысым жасаған жоқ. Тестілеу орталығының экс-директоры жаңа қызметі туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшысы Дидар Смағұлов «Әділдік жолы» атты республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры болып тағайындалды. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатының жеңімпаздары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ташкентте өткен ерлер мен әйелдер арасындағы қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында Қазақстан Қарулы Күштері құрамасының қоржынында – екі алтын, бір күміс және екі қола бар.
-
Көкөніс өсірудің құпиясы көп
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде бірнеше өңірдің жұртшылығын көкөніспен қамтамасыз етіп отырған бородулихалық отбасы мемлекеттің қолдауымен бақша өсіру ісіне тамшылатып суару технологиясын енгізді.
-
Қазақстан полициясы митинг кезінде тәртіп бұзғандарды тек физикалық күшпен ғана тоқтатады – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев митинг кезінде полицейдің кеттлинг қолдануына қатысты түсінік берді.
-
Тоқаев елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Патрульдік қызметкерлер кроссовкамен жүретін болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полиция қызметкерлерінің формасына қатысты қойылған сұраққа жауап беру кезінде айтты.
-
Өткен тәулікте шетелден 4 052 жолаушы келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 10 маусымында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды.
-
Жыл сайын 2,5 мыңға жуық адам жолда көз жұмады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникацилар қызметінде өткен халық алдындағы есеп беру кездесуі кезінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.
-
Көлікке арналған жолда электросамокатпен жүруге тыйым салынған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникацилар қызметінде өткен халық алдындағы есеп беру кездесуі кезінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.
-
Алматыда жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынады
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында Әуезов ауданындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады, сондай-ақ аулалар мен жаяу жүргіншілер жолдарын абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына баға берді.
-
Мамин БАӘ азық-түлік қауіпсіздігі министрімен инвестициялық жобаларды іске асыруды талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) азық-түлік қауіпсіздігі министрі Марьям әл Мухейримен кездесу өткізді. Кездесуге БАӘ-нің ірі бизнестері - «Al Dahra Holding», «DP World», «Fish Farm» және т. б. өкілдері қатысты.
-
Нығматулин: ЕАЭО халықаралық келісімдері Мәжілістің басты назарында
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
-
Алматыда триатлоннан ҚР чемпионаты өтуіне байланысты бірнеше көше жабылады
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімдігі маусымның 12-13 күндері триатлоннан ел чемпионатының өтуіне байланысты Сайран көлі маңындағы бірнеше көше уақытша жабылатынын мәлімдеді.
-
Айтарлықтай кемшілік баршылық. Депутат аграрлық саланың проблемасын айтып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің экономикалық өсуі мен ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған міндеттердің орындалу көрсеткіштері жүйелі жұмысты талап етеді. Бұл туралы сенатор Дүйсенғазы Мусин айтты.
-
Учаскелік полиция көмекшісі деген жаңа лауазым пайда болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникацилар қызметінде өткен халық алдындағы есеп беру кездесуі кезінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.
-
Аудио, бейнежазба түрінде шағым қабылдайтын «Police 102» қосымшасы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникацилар қызметінде өткен халық алдындағы есеп беру кездесуі кезінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.
-
Нақты шешімін таппады. Депутат ашығын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенатта Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы Үкімет сағаты өтіп жатыр.
-
Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар Каирден ұшаққа отырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар бар ұшақтар Каирден ұшып кетті, деп жазды РИА Новости.
-
Елдің төрт қаласындағы мектептерге полицияны жедел шақыру жүйесі орнатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникацилар қызметінде өткен халық алдындағы есеп беру кездесуі кезінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.
-
Нәтижесі аз болса да ауыл шаруашылығына арналған 10 бағдарлама әзірленген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіздік алғаннан бері аграрлық секторды дамыту бойынша 10 бағдарлама дайындалған. Бұл туралы Сенаттағы үкімет сағатында төрағаның орынбасары Нұрлан Әбдіров айтты.
-
Министр «Жұртқа жақын полиция» жоспары туралы айтып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен халық алдындағы есеп беру кездесуі кезінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.
-
Ауылшаруашылық өнімдерімен елімізді қамтамасыз ету деңгейі 60%-дан аспайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өзіміз өндіретін ауылшаруашылықтың кейбір өнім түрлері бойынша елімізді қамтамасыз ету деңгейі 60 пайыздан аспайды. Бұл туралы Сенаттағы Үкімет сағатында төрағаның орынбасары Нұрлан Әбдіров айтты.
-
Парижде каратеден лицензиялық дода басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парижде каратеден лицензиялық жарыс басталады, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Ұлы Қытай қорғанының тағы бір бекінісі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясында Ұлы Қытай қорғанының бекініс жүйесінің бөлігі болған ортағасырлық құлып қирандылары табылды, деп жазды «Хабар 24».
-
Нұрлы жер: Ақмолада 17 мыңнан аса отбасы баспаналы болды
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Нұрлы жер» бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған үш жыл ішінде Ақмола облысында 2 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды. 17 мыңнан астам ақмолалық отбасы баспанаға қол жеткізді. Бұл туралы Ақмола облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Елена Искакова мәлімдеді.
-
Алматы облысында қатты сел жүріп, жолдың бір бөлігін басып қалды
Алматы, BAQ.KZ. Панфилов ауданында жауын-шашын салдарынан «Жетісу Алатау» жотасының оңтүстік беткейінің орта тау бөлігінде құрғақ сай бойымен шамамен 70.0 м3/сек болатын көлбеу ағыннан тасқын пайда болды.
-
Қазандағы қантөгіс өзгеге сабақ бола ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейбіт күнде жазықсыз жандар қыршынынан қиылған Қазандағы оқиғаның орын алғанына да бір ай өтті. 11 мамыр күні №175 мектептің түлегі өзі оқыған білім ордасына барып, қанды қырғын ұйымдастырғаны белгілі. Салдарынан бірнеше оқушы мен 2 мұғалім ажал құшып, тағы ондаған оқушы жараланған болатын. Талайдың төбе шашын тік тұрғызған оқиға қоғамдағы сыздап тұрған олқылықтардың аузын тырнап өтті.
-
Павлодарда жасыл желекті суаратын көліктер саны артты
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар қаласында көше өсімдіктерін күтіп-баптау шаралары қарқын алды. Себебі, күн күрт ысып, гүлдер мен гүлзарлар қурай бастаған.
-
Қарағанды облысында 173 мың адам вакцина алды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 10 маусымдағы дерек бойынша Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 173 мың, екінші компонентін 116 мың адам алған. Бұл жайында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы айтты.
-
COVID-19: Павлодар облысы «жасыл» аймаққа өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 11 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Ұлыбританияда G7 лидерлерінің мүсіндері қоқыстан жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үлкен жетілік елдерінің саммиті өтетін Ұлыбританияда саммитке қатысатын 7 мемлекет басшыларының қоқыстан жасалған мүсіні орнатылды, деп хабарлайды 24.kz.
-
Өткен тәулікте 1656 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 1656 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 1120 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1120 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлайды.
-
Түркістанда экобазар ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында салынып жатқан Экобазар жақын арада іске қосылады. Бұл – дәстүрлі ауылшаруашылық нарығының және заманауи жайлы сауда орталығының артықшылықтарын біріктіретін жаңа форматтағы фермерлер базары. 14 га жерге орналасқан 900 сауда орны бар жаңа нысанның жалпы құрылыс алаңы 5 га жуық, деп жазды otyrar.kz.
-
Спорттық гимнастикадан әлем кубогі: қазақстандық үш спортшы финалға өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі басталды. Аталған сынға қазақстандық спортшылар да қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
«Біржан – Сара» операсы жаңаша сахналанады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» қойылымы жаңа бағытта көпшілікке жол тартады, деп хабарлайды 24.kz.
-
Атырауда бір отбасының 4 адамын қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында бір отбасының 4 адамын қаққан жүргізуші ұсталды.
-
Аса ауылында 76 пəтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді – Жамбыл облысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл ауданы Аса ауылында 76 пəтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
-
Қарағандылық азамат бөтеннің атынан 2 млн теңгеге несие рәсімдеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біреудің телефонын тауып алып, оның атынан екі миллион теңгеден астам сомаға екі несие рәсімдеген қарағандылық ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Қызылордада екпе салуға қажетті 39 арнайы мобильді топ құрылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда өңірінде коронавирустың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар нәтижесінде дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры қалыптасқан. Бұл үшін жергілікті бюджеттен 488 млн теңге бөлінген. Баспасөз брифингінде Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірде дәрі-дәрмек бағасының шектен асыру жағдайына жол берілмейтінін жеткізді.
-
Алина Әділханова көркем гимнастикадан Олимпиадаға жолдама жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көркем гимнастикадан Ташкентте өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында қазақстандық Алина Әділханов чемпион атанып, Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Маңғыстауға 5 айда 216 млрд теңге инвестиция тартылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 5 айда Маңғыстау өңіріне 216 млрд теңге тартылды. Бұл туралы облыс әкімі Серікбай Тұрымов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Наверх