Жамбыл облысында жарақаттанған кәсіпкер оқ атқандардың көлігін соқты

11 Маусым 2021, 19:20
2547
Бөлісу:
Жамбыл облысында жарақаттанған кәсіпкер оқ атқандардың көлігін соқты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында ер адамдардың арасында жанжал шығып, арты атысқа ұласып кеткен. 

Облыстық Полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, 9 маусымда кешкі сағат 21:20-да Меркі аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын xабарласып, белгісіз адамдардың ағасына оқ атқанын жеткізген. Сосын бәрі көлікке мініп, оқиға орнынан қашып кетпекші болған.

Жарақат алған ірі шаруа қожалығының иесі оқ атқандардың артынан қуып, олардың көлігін соққан. Жол апаты кезінде көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, тағы бір ер адам жарақат алды.

Ал аяғы мен қолына бытыра тиген фазенда басшысы Меркі ауылындағы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды, - дейді Полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменов.
Қазіргі кезде осы оқиғаға қатысқандардың барлығы ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Соның нәтижесінде әрқайсының әрекетіне құқықтық баға беріледі.


Өзгелердің жаңалығы