Павлодарда жасыл желекті суаратын көліктер саны артты

11 Маусым 2021, 09:34
2444
Бөлісу:
Павлодарда жасыл желекті суаратын көліктер саны артты
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар қаласында көше өсімдіктерін күтіп-баптау шаралары қарқын алды. Себебі, күн күрт ысып, гүлдер мен гүлзарлар қурай бастаған.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Арман Құсайыновтың айтуынша, гүлзарлар мен газондар екі ауысым бойынша суарылады. Соңғы күндері арнайы көліктердің саны 20 бірлікке дейін артты.

Суару жұмыстары қарқын алды. Жұмыс қарқынын қалалық депутаттар мен қоғамдық ұйым өкілдері қадағалап отырады. Облыс орталығында көгалдандыру жұмыстарымен үш мердігер ұйым айналысады. Кәсіпорын суару, гүлдерді отырғызу, ағаштарды күту, қию, арамшөптерды жұлу жұмыстарымен айналысады. Биылғы жылы мемлекеттік бюджеттен 214 млн теңге бөлінді, - дейді Арман Құсайынов.
Павлодарда жасыл желекті суаратын көліктер саны артты

Жасыл желекті күтумен, сонымен қатар, «Жасыл ел» жасақтарының сарбаздары айналысады. Экологтар болса, шаһардағы ағаштардың қорын сақтау жұмыстарының салғырттығына алаңдаулы.

Биолог Татьяна Понамореваның айтуынша, мониторингтік жұмыстардың нәтижесінде қарағайлардың ауруға шалдыққаны анықталған.

Ағаштарға қауіпті саңырауқұлақтар мен бактериялар өсіп кеткен. Олар өсімдіктердің тамырлары мен діңгектеріне зиян келтіреді. Оларды жойып, басқа ағаштармен алмастыру керек. Теректерді салуға болады. Олар төзімді әрі ауруға сирек шалдығады, - дейді Татьяна Понаморева.  

Айта кетейік, аймақ басшылығы өсімдік суаратын машиналардың саны 30-ға дейін ұлғайтуды тапсырған.


Өзгелердің жаңалығы