Ұлы Қытай қорғанының тағы бір бекінісі табылды

11 Маусым 2021, 10:28
1770
Бөлісу:
Ұлы Қытай қорғанының тағы бір бекінісі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясында Ұлы Қытай қорғанының бекініс жүйесінің бөлігі болған ортағасырлық құлып қирандылары табылды,  деп жазды «Хабар 24». 

Бұл олжа Минь әулетіне тиесілі (1368-1644). Жаңа сәулет қазыналары Цинпинбао сарайының қирандылары арасынан табылған. Бекіністің қабырғалары, тастан жасалған бұйымдары жақсы сақталған.  

Археологтар сондай-ақ бұл жерден жазбалары бар тас тақтайшаны да қазып алды. Жазбалар осы маңда Сяньин сарайы деп аталатын ғибадатхананың болғанына дәлел. Сондай-ақ саздан жасалған 30-дан астам мүсін де осы жерден табылған.



Өзгелердің жаңалығы