Атырауда бір отбасының 4 адамын қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

11 Маусым 2021, 05:25
2425
Бөлісу:
Атырауда бір отбасының 4 адамын қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында бір отбасының 4 адамын қаққан жүргізуші ұсталды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 31 мамырда Мақат ауданындағы Доссор кентінде болған.

Түнгі сағат 01:10 шамасында 1988 жылы туған жүргізуші «Toyota Sequoia» көлігімен жолдан өтпек болған 1988, 1996, 2014, 2020 жылдары туған төрт жүргіншіні қағып кеткен. Алайда, жүргізуші оқиға орнынан бой тасалаған. Осы жол-көлік оқиғасына байланысты жүргізілген жедел іздестіру-тергеу амалдарының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, – дейді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Өзгелердің жаңалығы