Камера алдында халықтан кешірім сұрайтындардың жазасы жеңілдейді

11 Маусым 2021, 15:19
2102
Бөлісу:
Камера алдында халықтан кешірім сұрайтындардың жазасы жеңілдейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полиция құқық бұзушылық жасаған азаматтарды камера алдында кешірім сұрауға мәжбүрлемейтінін айтты.

Соңғы кездері елде резонанс тудырған оқиғалардан кейін Ішкі істер министрлігі сол іске қатысушы адамның кешірім сұрап тұрған видеосын жариялайды. Адамдарды камера алдында кешірім сұрауға мәжбүрлеу қаншалықты заңды, жоқ әлде олар өздері құлшынып тұр ма? Бұл кінәсіздік презумпциясы тәжірибесіне қайшы келмей ме?, - деп сұрады тілшілердің бірі ОКҚ-да өткен брифингте.

Ішкі істер министрі сұраққа жауап беру кезінде азамат өз ісіне өкініп, кешірім сұрап видео жолдауы болатынын, бірақ оны полиция мәжбүрлеп істетпейтінін айтты.

Полиция қызметкерлері бейнекамера алдында ешкімді кешірім сұрауға мәжбүрлемейді. Қазір әлеуметтік желілерде әркімнің парақшасы бар, егер азамат өзінің іс-әрекетінің заңсыздығын шынымен түсінсе, онда ол қалағанын жариялай алады. Сонымен бірге кейбір заңбұзушылықта өз ісіне шынымен өкініп, кінәсін мойындау, жазаны жеңілдетеді, - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Тұрғымбаев елорда полициясы үшін жаңа ғимарат қашан салынатынын айтты.


Өзгелердің жаңалығы