ERI: Бұл рейтинг еліміздегі бизнес жүргізу ахуалын дәл бағаламаған

11 Маусым 2021, 20:50
2337
Бөлісу:
ERI: Бұл рейтинг еліміздегі бизнес жүргізу ахуалын дәл бағаламаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық экономика министрлігі жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Сараптамалық кеңесі US News & World Report 2021 жылғы нұсқасы бойынша бизнес үшін үздік елдер рейтингіндегі Қазақстанның позициясына түсініктеме берді. Оның нәтижелері бойынша Қазақстан 78 елдің ішінде 75-орында тұр.

ERI сарапшылары Қазақстанның бизнес үшін үздік елдер рейтингіндегі позициясы туралы ақпарат жағдайды дәл бағалау үшін пайдаланылмауы тиіс деп санайды, - деп хабарлайды ERI баспасөз қызметі.

US News & World Report әдістемесіне сәйкес рейтинг тек сауалнама мәліметтеріне ғана негізделген. 2021 жылы сауалнамаға төрт аймақ – Америка, Азия, Еуропа, Таяу Шығыс және Африканың 36 елінен 17 326 респондент қатысқан. Респонденттер кездейсоқ іріктеу әдісімен халықтың үш тобынан таңдалған: ақпараттандырылған элиталар, бизнес көшбасшылары, жалпы жұртшылық.

Рейтинг нәтижесі бірнеше себеппен жеткілікті негізделмеген:

Біріншіден, бағалау респонденттердің белгілі бір елмен қауымдастығына орай құрылады.

Екіншіден, респонденттердің жауабына түрлі факторлар (көңіл-күйі, жеке сенімі, қызығушылығы) әсер етуі мүмкін.

Үшіншіден, сауалнамаға ел туралы ештеңе білмейтін немесе жаңалықтар (ресми ғана емес, жалған мәліметтер) негізінде ғана білетін респонденттер қатысуы мүмкін

Төртіншіден, 78 елді бағалау жөніндегі сауалнамаға тек 36 елдің өкілі ғана қатысқан, ал ол тіпті 50%-ды да қамтымайды. Осылайша, сауалнама сараланбаған елдерде немесе керісінше жүргізілген болуы мүмкін.

Көптеген беделді рейтингтер сауалнаманы әдетте үлкен үлес құрайтын статистикалық мәліметтермен (ДЭФ ЖБИ, IMD, т.б.) біріктіреді. Сауалнама деректеріне негізделген жетекші рейтингтер бағаланатын елде тұратын, осы салада тікелей жұмыс істейтін және ағымдағы жағдай туралы жақсы хабардар респонденттердің сараптамалық пікіріне негізделеді (Doing Business, Заң үстемдігінің индексі, т.б.).

Осылайша, Қазақстанның бизнес үшін үздік елдер рейтингіндегі позициясы туралы ақпаратты елдегі жағдайды шынайы бағалау және инвестициялық шешімдер қабылдау үшін негіздеме ретінде пайдалануға болмайды.

Doing Business Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша Дүниежүзілік банктің басты зерттеуінде Қазақстан жыл сайын позициясының жақсарғанын көрсетіп, алғашқы отыздыққа енеді (190 елдің ішінде 25-орын). Бұл зерттеуге осы саладағы проблемалар мен жүргізіліп жатқан реформалардан хабардар жергілікті бизнес өкілдері қатысады.

Еске сала кетсек, U. S. News & World – Вашингтонда басылатын американдық жаңалықтар журналы. Журнал саяси және экономикалық жаңалықтарды, денсаулық сақтау және білім туралы мақалаларды қамтиды. Соңғы жылдары журнал өзінің рейтингтік жүйесімен және американдық колледждер, университеттер, мектеп бітірушілер және медициналық орталықтар туралы жыл сайынғы есептерімен танымал.


Өзгелердің жаңалығы