Төтенше жағдай: Оралда қауіпті у табылды

11 Маусым 2021, 23:02
3500
Бөлісу:
Төтенше жағдай: Оралда қауіпті у табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында жергілікті ауқымда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланатын болды. Жергілікті биліктің мұндай шешім қабылдағаны туралы ақпарат ашық НҚА порталында жазылды.

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында күшті әсер ететін улы заттың табылуына байланысты жергілікті ауқымда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын, - делінген Орал басшысының бұйрығында.  
Заңнама мен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның 2021 жылғы 2 маусымдағы жоспардан тыс отырысының хаттамасы негізінде қала әкімі Орал қаласында жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдауы керек.

Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Амангелді Ешмұханов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген түсініктемесінде алдын ала ақпарат бойынша улы зат 300-400 миллилитр көлеміндегі сынап екенін хабарлады.

2 маусымда бізге күшті әсер ететін улы затты анықтау бойынша жедел шаралар өткізу туралы ақпарат келіп түсті, ол сынап деп болжанып отыр. Осыған байланысты біз бірқатар іздестіру шарасын өткіздік. Халықты көшіру, улану қаупін болдырмау үшін жергілікті ауқымда төтенше жағдай режимін жариялау туралы шешім қабылданды. Улы зат зират аумағынан табылды, - деді Төтенше жағдайлар қызметінің өкілі.  

Жергілікті билік қазір тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне ешқандай қауіп жоқ екенін мәлімдеді. Экология департаментінің қызметкерлері уды зертханаға арнайы ыдыспен жеткізген.


Өзгелердің жаңалығы