Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне көрме ашылды

11 Маусым 2021, 16:39
3162
Бөлісу:
Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне көрме ашылды
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік орталық музейде пандемиямен күресте алғы шепте жұмыс істеген дәрігерлердің құрметіне «Бірге жеңеміз» атты көрме ашылды. 

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне көрме ашылды

Көрмеге фотограф Руслан Мазуниннің «Мен ризамын» жобасы аясында түсірілген Нұр-Сұлтан қаласы дәрігерлерінің портреті қойылған. Сондай-ақ індетке қарсы күрескен Алматы қаласы Балалар жұқпалы аурулар ауруханасы мен Алматы қаласы фтизиопульмонология орталығы қызметкерлерінің жоғары кәсіби деңгейде жүргізген жұмыс нәтижелері жайлы материалды көруге болады. 

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне көрме ашылды

Оған қоса Алматы қаласындағы бейнелеу өнеріне баулитын «Лидия Дроздованың арт-шеберханасы», «Феникс» балалар клубы және тағы басқа үйірмелердегі балалардың коронавирус тақырыбында салған суреттерін тамашалауға болады.

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне көрме ашылды

Алматы қаласы фтизиопульмонология орталығының реанимация бөлімінің меңгерушісі Гүлмира Айнакөзова алғаш пандемия басталғанда ауыр кезеңді бастан өткізгендерін айтады.

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне көрме ашылды

Былтыр ақпан айында Ухань қаласынан студенттерді алып келген сәттен бастап біз провизорлық орталыққа айналып, індетке қарсы дайындықты бастап кеттік. Сәуір айында коронавирус анықталған науқастар келіп түсе бастады. Олардың көпшілігі өз әріптестеріміз еді. Бұрын естіп білмеген індет болған соң, бастапқыда қиындықтар болды. Көбі күйзеліске түсті, оларға психологиялық көмек көрсетілді. Үнемі қорғаныс киімімен жүру, одан кейін бірнеше ай отбасымызды көрмеу ауыр тиді, - деп еске алды дәрігер.

Оның айтуынша, індетке қарсы күресте ұжым болып бірлесе жұмыс істеу өз нәтижесін берген. 

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне көрме ашылды

Қазір дәрігерлер індетке қарсы күресте тәжірибе жинады. Биыл да науқастар көп жеткізілді. Өкпесі 100 пайызға зақымдалған науқастар да болды, олар сауығып шықты. Қазір жиі хабарласып, алғыстарын білдіріп отырады, - дейді Айнакөзова.

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне көрме ашылды

Жиын барысында ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының орынбасары Ғалия Теміртон басымызға түскен қиындықта ақ халатты абзал жандар өз өмірлерін қатерге тіге отырып, майданға қарсы тұрғанын, сол оларға құрмет көрсетуді жөн санағандарын айтады.

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне көрме ашылды

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне көрме ашылды

Көрме басымызға түскен қиыншылықта бәріміз бірге екенімізді және өскелең ұрпаққа дәрігерлердің ерлігін насихаттауға арналған. Пандемия басталғанда дәрігерлер алғы шепте жұмыс істеді және қайтыс болып кеткендері де бар. Оларды бейбіт өмірдің батырлары десек артық болмас, - дейді ол.

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне көрме ашылды

Жиын барысында көрмеге атсалысқан медициналық мекеме басшылары алғыс хаттармен марапатталды.

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне көрме ашылды


Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне көрме ашылды

Көрмені аталған музей BI Group компаниясымен бірлесе ұйымдастырған.

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне көрме ашылды

Өзгелердің жаңалығы