«Біржан – Сара» операсы жаңаша сахналанады

11 Маусым 2021, 06:30
2151
Бөлісу:
«Біржан – Сара» операсы жаңаша сахналанады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» қойылымы жаңа бағытта көпшілікке жол тартады, деп хабарлайды 24.kz.

«Астана Опера» театрының артистері туындыны жаңаша сахналайды. Классикалық өнерсүйер қауымға «Біржан – Сараны» қоюшы режиссер Асхат Маемиров ұсынады. 3D технологиялар өткен ғасырларға жетелейді. Қойылымда қазақтың қолөнершілері, сақа саудагерлері, бүркіт пен жылқыны серік еткен серілер бой көрсетеді.

Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсы мен үшін үлкен жетістік. Өйткені өзіміздің қазақ опералары көбірек қойылсын деген тілектемін. Алтынай ролін ойнаймын осы «Біржан – Сарада». Алтынай негізі болыстың қызы Жанбота деген. Өзі ерке қыз. Еркекшора. Жалғыз болғандықтан еркелеп жүреді. Және Біржан салға ғашық болады, – дейді «Астана Опера» театрының солисі Әсем Сембинова.

Өзгелердің жаңалығы