Все новости за 11 наурыз 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қаржы пирамидасының тағы бір басшысы ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан полициясының сұратуымен Қырғызстан Республикасында "ЕSTATE Ломбард" ЖШС директоры Әсет Ысқақов ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Шымкент қаласының үш жылдық бюджеті бекітілді
Оның көлемі 356 млрд теңгені құрады. Қаржының басым бөлігі әлеуметтік, білім, мәдениет салалары мен коммуналдық мәселелерді шешуге бағытталды.
-
Сенатор: Алдын алмасақ бүгінгі былық ертең тағы қайталанады
Олардың жазадан құтылуы бізді таңдандырып отыр. Бұл мәселе Парламент Сенатының басты назарында болған, оның үстіне Сенат Төрағасы Дариға Назарбаеваның осы істің мән-жайын анықтау туралы тікелей тапсырмасы болды.
-
Фараби-1150. Қысқы универсиаданың ашылу салтанаты өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған Қазақстанның VIIІ қысқы универсиадасының салтанатты ашылуы өтті.
-
Қазақстандық журналист "Ерекше артықшылығы бар әйел" атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 4-5 наурызда Халықаралық әйелдер экономикалық форумы (ӘЭФ) аясында танымал қазақстандық журналист және фильм продюсер Ақмарал Баталова "Ерекше артықшылығы бар әйел" номинациясы бойынша марапатқа ұсынылды.
-
Министрлік ешқандай мәдени-спорттық іс-шараға тыйым салған жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ешқандай мәдени-спорттық іс-шараның өтуіне тыйым салған жоқ. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елордалық оқушы ерлігі үшін марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Білім басқармасы тұрғын үй ғимаратындағы өрт кезінде адамдарды эвакуациялауда көмек көрсеткен №5 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Николь Савченконы алғыс хатпен марапаттады.
-
Жазушылар жаңа әліпбиді қолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың латын графикасына негізделген әліпбиді жетілдіру бойынша тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалында жазушылар мен ғалымдар арасында әліпби талқыдан өтті.
-
Назарбаев: ЕАЭО-ның келешегі зор деп санаймын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.
-
Коронавирус. СІМ Таиланд бойынша түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Таиланд билігі коронавирустың таралуына байланысты Қазақстан азаматтарын қабылдамайды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
-
Коронавирус. Дәрігерлер мен полицейлер оқу-жаттығудан өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлер, дәрігерлер мен эпидемиологтар коронавирустың пайда болуы мүмкін жағдайларға дайындық бойынша теориялық және практикалық оқу-жаттығулар өткізді.
-
Коронавирус. Қазақстанда 4000-ға жуық адам бақылауда тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
-
ҚР АШМ егіс науқанына дайындық барысы туралы алғашқы кеңес өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қостанай облысында ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылғы көктемгі-егіс жұмыстарына дайындық барысы туралы алғашқы кеңес өткізді.
-
Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Абай-175. "Абай – сатирик"
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты, белгілі сықақшы, журналист Көпен Әмірбектің "Абай – сатирик" атты әдеби кеші өтті.
-
Тоқаев Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін тағы көтерді
Сонымен қатар Берік Уәли Қазақстан Президенті былтырғы қыркүйек айында Бейжіңге жасаған сапарында ҚХР басшылығын Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне гуманизммен қарап, оны Қазақстанға қайтару мәселесіне ықпал етуге шақырғанын атап өтті.
-
Павлодар облысында шұғыл әрекет ету штабы құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Штаб өңірдегі экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатында құрылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.
-
Коронавирус: 3,5 мыңға жуық турист БҰҰ штаб-пәтеріне барудан бас тартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3,5 мыңға жуық турист коронавирусқа байланысты Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтеріне турдан бас тартты.
-
Отандық банктер депозиттер бойынша мөлшерлемені қайта қарастырып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың 11 наурызындағы жағдай бойынша банктер депозиттер бойынша мөлшерлемелерді қайта қарап жатыр.
-
Коронавирус: Таиланд Қазақстан азаматтарын кіргізбейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таиланд билігі коронавирустың жаппай тарауына байланысты 18 мемлекеттің, оның ішінде Қазақстан азаматтарына кіруге тыйым салды.
-
"Тұмар" ұлттық бәйгесінің философиясы туралы алғаш рет проморолик түсірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Тұмар" ұйымдастырушылары алғаш рет ұлттық бәйге философиясы туралы проморолик түсірді.
-
ШҚО-да тұмаудың эпидемиологиялық маусымы аяқталды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстанда биылғы эпидемиологиялық маусымда 50 мыңнан астам тұрғын ЖРВЖ мен тұмауға шалдыққан.
-
Алғаш рет "Қазгидрометті" әйел басқарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді "Қазгидромет" кәсіпорнын Данара Алимбаева басқарады.
-
Қазақ боксшылары Токио Олимпиадасына барлық салмақта жолдама алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Токио Олимпиадасына толық құрамда баратын болды.
-
Қазақстан "оралман" сөзінен ресми түрде құтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "оралман" сөзін "қандас" деп атау туралы ұсынысы Мәжілістен қолдау тапты.
-
Қытайдағы қонақүй апаты: ер адам 70 сағаттан кейін тірі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құтқарушылар құлаған ғимарат астында 70 сағат бойы жатқан ер адамды тауып алды.
-
Коронавирус: карантиннен қашқан тараздық оқшауланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдің жағдайы тұрақты, аурудың клиникалық белгілері байқалмайды, деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.
-
Қордайдағы қақтығысқа байланысты қанша адам ұсталғаны ресми түрде айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысына келген бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев тілшілерге Қордай қақтығысынан кейін қанша адам ұсталғанын айтты.
-
Мемлекеттік қызметкерлерді ауылға тартуға байланысты жаңа ұсыныс айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова мемлекеттік қызметшілерді "Дипломмен ауылға" бағдарламасына қатыстыруды ұсынды.
-
Елордада АӘК алатын азаматтарға азық-түлік жиынтығы берілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық АӘК алатын отбасыларға кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер беріле бастады. Мемлекет тарапынан тоқсан сайын жасалатын көмекке көпбалалы аналар алғысын білдірді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Қарағандыда АӘК-ті заңсыз алғандар жауапқа тартылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алды деген 350 отбасы жауапқа тартылып жатыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
-
Жеңіс 75: Павлодарда соғыс жылдары қаза болған жауынгерлердің туыстары іздестірілуде
Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Іздестіру жасақтарының сарбаздары Ұлы Отан соғысы жылдары қаза болған жауынгерлердің туыстарын іздеп жатыр. Хабар-ошарсыз кеткендердің тізімі күн сайын жаңартылып жатыр.
-
"Тұмар" ұлттық сыйлығына үміткерлер тізімі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрамына медиа индустриясының отандық және халықаралық өкілдері енген қазылар алқасы IV "Тұмар" Ұлттық телевизиялық бәйгесі номинанттарының үздік атағына қырық үміткерді іріктеп алды.
-
Биыл "Тұмар" сыйлығы продакшн компанияларға да беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде IV "Тұмар" Ұлттық телевизиялық бәйгесі номинанттарының шорт-парағы жарияланды.
-
Павлодар облысында жүк пойызы мен электровоз соқтығысып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында жүк пойызы 20 вагоны бар электровозбен соқтығысып қалды.
-
Нұр-Сұлтанда халық санағына дайындық басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылы республикада кезекті ұлттық халық санағын өткізу бойынша ведомствоаралық комиссия құрылып, іс-шара жоспары бекітілді. Бұл орайда астана тұрғындарының ұлттық санаққа белсене қатысуы жиналған ақпараттық материалдардың сапасына тікелей байланысты болады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Мемлекет басшысы Ерболат Досаевты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай әуе шары ұшырылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінің студентері Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай әуе шарын ұшырды.
-
Коронавирус инфекциясының таралуы біршама тоқтады – Си Цзиньпин
10 наурыз күні Си Цзиньпин Ухань қаласына барды.
-
Моңғолия мен Қазақстан арасындағы рейстер тоқтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолияда коронавирус тарауына байланысты Ресей, Түркия және Қазақстанға бағытталған жолаушылар рейсі тоқтатылды, деп хабарлайды CentralAsia.
-
Токио Олимпиадасы кейінге шегерілуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ,KZ. Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары коронавирусқа байланысты бір не екі жылға кейінгі шегерілуі мүмкін. Бұл туралы Токио-2020 атқарушы комитетінің мүшесі Харуюки Такахаши The Wall Street Journal басылымына берген сұхбатында айтты.
-
Соғыс және еңбек ардагерлерінің жәрдемақысы өседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "Ардагерлер туралы" заң жобасын жұмысқа алу туралы қаулы қабылданды.
-
Нығматулин: Қазақша қойылған сұраққа қазақша жауап бермегеніңіз дұрыс емес
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің жалпы отырысында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жобасы және оған ілеспе заң жобасымен бірінші оқылымда мақұлданды.
-
Қазіргі көрмелердің тиімділігі төмен – маман
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығына арналған көрмені егістік жерге барып ұйымдастырған тиімді. Мұндай пікірді заманауи және жоғары сапалы ауылшаруашылық жабдықтар көрмесіне келген "Еврохим" ЖШС сату жөніндегі директордың орынбасары Қанат Қанафин айтты.
-
Асхат Дауылбаев бұрынғы қызметінде қалатын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында еліміздің бұрынғы бас прокуроры Асхат Дауылбаев ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі қызметіне қайта тағайындалды.
-
Коронавирус: 11 наурыздағы Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда, деп жазылған ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында.
-
Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі Үндістанда өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның Нью-Дели қаласындағы Ұлттық музейінде Қазақстанның "Ұлы дала: Уақыт. Кеңістік. Мәдениет" атты көрмесі өтеді.
-
Италияда коронавирус жұқтырғандар саны 10 мыңнан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның Азаматтық қорғау ұлттық қызметінің басшысы Анджело Боррелли елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 10 мың адамнан асқанын айтты, деп жазды ANSA агенттігі.
-
Жамбылда "Бейбітшілік пен келісім" жобасы бастау алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау және нығайтуға бағытталған "Бейбітшілік пен келісім" жаңа жобасының жүзеге асу барысы талқыланды.
-
Өскемендегі "Балалар ауылының" тәрбиеленушілері іздестірілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменнің Ахмер кентінде орналасқан "Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы" мекемесінде тәрбиеленуші жасөспірімдер жоғалып кетті, деп хабарлады Алтайньюс.
-
Ұлттық психология. Қазақтың бір мақалын ғылым 100 жыл зерттеді
Одан бөлек психолог-маманмен бірге қазақтың "ұят болады, жаман болады, обал болады" ұғымдарын талқыға салдық.
-
Қолды сабындап жиі жуу денсаулыққа зиян – дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясының өршіп тұрған кезінде барлық дәрігер қолды жиі сабындап жууға кеңес беріп жатыр. Бірақ вирустан қорғанудағы бұл әдістің де өзіндік кілтипаны болып шықты.
-
Халықаралық дзюдо федерациясы олимпиадалық циклды бір айға созды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус эпидемиясына байланысты халықаралық дзюдо федерациясы Олимпиадалық циклды бір айға созды, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Киев Димашты қазақша қарсы алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Киевтегі Жуляна халықаралық әуежайының диспетчері қазақстандық әншіні қазақша хабарламамен қарсы алды. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлайды.
-
Еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 наурыз күні Қазақстанның көптеген қаласында ауа сапасы жақсы болады, деп болжайды синоптиктер.
-
Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 11 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Жамбыл жерінде 350-ден астам діни бірлестік жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев имамдармен кездесіп, өңірдегі діни ахуалды талқылады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.
-
Түркияда алғашқы коронавирус инфекциясы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда алғашқы коронавирус инфекциясы расталды, деп хабарлайды Daily Sabah.
-
Құранды жатқа оқудан байқау өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талғар ауданы Тұздыбастау ауылдық мешітінде балалар арасында "Иманды ұрпақ – ұлт болашағы" атты Құранды жатқа оқу байқауы ұйымдастырылды.
-
Алматы облысында жедел штабтың бірінші отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін облыс әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен аймақта құрылған дағдарысқа қарсы ведомствоаралық жедел штабтың бірінші отырысы өтті.
-
Шу тұрғынынан 30 кг марихуана тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы бойынша ПД Есірткі қылмысымен күрес басқармасының қызметкерлері Шу ауданында 41 жастағы Төле би ауылының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Мейрамханадан ақша толы сейф ұрланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемендік полицейлер миллион теңгенің ұрлығын ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Павлодарда 27 ауылды су басу қаупі төніп тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірдегі биыл жауған қар көлемі нормативті мөлшерден 25%-ға артық, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
-
Си Цзиньпин коронавирус шыққан Уханьға барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай президенті Си Цзиньпин коронавирус алғаш тараған Хубэй провинциясының орталығы Ухань қаласына барды деп хабарлады қытай басылымдары.
-
Олимпиадаға іріктеу: Төрт боксшымыз финалға шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Иорданияда өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінің финалына шықты.
Наверх