Олимпиадаға іріктеу: Төрт боксшымыз финалға шықты

11 Наурыз 2020, 00:24
2224
Бөлісу:
Олимпиадаға іріктеу: Төрт боксшымыз финалға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Иорданияда өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінің финалына шықты.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Әбілхан Аманқұл жартылай финалда қытай боксшысы Танглатихан Эрбиекені жеңді.

Сонымен қатар әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов те іріктеу кезеңінде мықтылығын дәлелдеп, 81 келіде жергілікті боксшы Одаи Алхиндавиді жеңу арқылы финалға шықты.

Осылайша бұған дейін Олимпиада жолдамасын иеленіп қойған  Закир Сафиуллин, Василий Левит, Әбілхан Аманқұл мен Бекзат Нұрдәулетов Олимпиадаға іріктеу турнирінің шешуші кезеңіне дейін жетті.

Өзгелердің жаңалығы