Соғыс және еңбек ардагерлерінің жәрдемақысы өседі

11 Наурыз 2020, 11:41
2026
Бөлісу:
Соғыс және еңбек ардагерлерінің жәрдемақысы өседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "Ардагерлер туралы" заң жобасын жұмысқа алу туралы қаулы қабылданды.

Аталған заң жобасы отан алдындағы әскери әрі азаматтық борышын атқарған Қазақстан ардагерлері мен азаматтарының құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғау саласындағы мәселелерді реттеуге бағытталған. Осы заң жобасы ардагерлердің 5 әлеуметтік қорғалатын санаты мәртебесін белгілеуді көздейді, - деді Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова. 

Оның айтуынша, бұл заң жобасында ҰОС ардагерлерінің және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс ардагерлеріне теңестірілген тұлғалардың мәртебесін белгілеу ұсынылып отыр.
Одан бөлек, басқа мемлекеттердің аумағында жауынгерлік қимылдар атқарған ардагерлерді, Қазақстан Республикасының бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындаған әскери қызметшілерді оларға жатқыза отырып, жеке санатына бөлу ұсынылады,- дейді депутат.

Оның айтуынша, бұл заң жобасында ардагерлер үшін әлеуметтік қолдаудың бірқатар шараларын белгілеу қарастырылады. Комитет заң жобасын жұмысқа алуға әрі ол бойынша қорытындыны 2020 жылдың 24 маусымына дейін ұсынуға дайын екен.
Ардагерлер үшін бірқатар әлеуметтік және құқықтық кепілдемелер бар. Социалистік еңбек ерлеріне, Еңбек даңқы орденінің кавалерлерінің үш санат бойынша әлеуметтік жәрдемашы 38,63 АЕК-ке дейін (2020 жылы 102 мың теңге - ескерту) ұлғаюы мүмкін. Басша мемлекеттердің аумағында соғысқан ардагерлері үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады. Оның көлемі - 6,19 АЕК (2020 жылы 64 мың теңге - ескерту) болмақ, - дейді Әбдіқалықова.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Социалистік еңбек ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек даңқы орденінің кавелерлеріне 9,6 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленеді. Басқа елдердегі соғыс ардагерлеріне берілетін жәрдемақы 4,59 АЕК құрайды.




Өзгелердің жаңалығы