Тоқаев Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін тағы көтерді

11 Наурыз 2020, 18:07
4375
Бөлісу:
Тоқаев Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін тағы көтерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда сотталған Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайды елімізге қайтару мәселесі бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында тағы да талқыланып жатыр. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жақында елімізге сапармен келген Қытай коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси Бюросының мүшесі Ян Цзечимен әңгімелесу барысында Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдырына қатысты мәселені тағы да көтергенін айта кеткен жөн - дейді ол өз жазбасында.

Сонымен қатар Берік Уәли Қазақстан Президенті былтырғы қыркүйек айында Бейжіңге жасаған сапарында ҚХР басшылығын Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне гуманизммен қарап, оны Қазақстанға қайтару мәселесіне ықпал етуге шақырғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыртқы істер министрлігі мен құқық қорғау органдарына қытайлық әріптестерімен өзара іс-қимылдарды жалғастыруды тапсырды. Бұл іс Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында - дейді ол.
Өзгелердің жаңалығы