"Тұмар" ұлттық бәйгесінің философиясы туралы алғаш рет проморолик түсірілді

11 Наурыз 2020, 17:05
3232
Бөлісу:
"Тұмар" ұлттық бәйгесінің философиясы туралы алғаш рет проморолик түсірілді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Тұмар" ұйымдастырушылары алғаш рет ұлттық бәйге философиясы туралы проморолик түсірді. 

"Тұмар" ұлттық телевизиялық бәйгесі шабыттың үстіне шабыт қосатын, атқарылған еңбектерге әділ баға беретін медиа саладағы бірегей бәйге. "Тұмар" – телевизия саласындағы профессионалдар үшін ең беделді марапат. Биыл Ұлттық бәйге төртінші рет өткізілгелі тұр. Өткен жылдардың тәжірибесі мен жолын бойына сіңіре білген бәйге биыл қазақстандық телевизия индустриясының даму динамикасын көрсетіп, "бірегей бәйге" атағын келесі маусымға мұра етіп қалдыра ала ма?

Ұйымдастырушылар промороликті бәйгенің салтанатты марапаты қарсаңында назарға ұсына отырып, алғаш рет жобаның философиясын өткен жылдардың жеңімпаздары – медиа әлемнің жаңалықтарын серік еткен кәсіби журналистер арқылы көрсетті.


Ролик 2018 жылдың "Үздік тележурналисті" номинациясының жеңімпазы – "Хабар 24" телеарнасының "ең" деген тілшісі Асхат Ниязовпен жаңалықтар бөлімінің бас редакторы арасындағы қызу талқыдан басталады. Бұл түсініспеушілік "Телевизияда кім маңызды – көрермен бе, журналист пе?" деген актуалды сұрақтан басталды.

Ешкімге құпия емес бүгінгі күннің медиа контенті көрерменнің талғамына қарай жасақталады. Бұл диалогтың ішінде журналистің алар орны қандай? Нағыз профессионал – ол кім?

Бұл сұрақтың жауабын алу үшін сюжетке 2019 жылдың "Үздік журналисті" "Qazaqstan" арнасының тілшісі Ғабит Бөкенбай қосылады. Ғабит - "Qazaqstan" арнасында шыққан өзінің қайсарлығымен, ермінезділігімен әлемге танылған бүркітші қыз Айшолпан туралы телевизиялық сюжеттердің авторы. Өткен жылы феноменге айналып үлгерген Моңғолияда туып-өскен қазақ қызы барлық әлемдік БАҚ арасында қызу талқыға түскен еді. Ал бұл қаршадай қызымызды әлемге паш еткен біздің Ғабит Бөкенбай. Айшолпан "National Geographic" журналының объективіне түсіп, бірнеше әлемдік деректі филиьмдердің басты кейіпкері болды. Ғабит Бөкенбай ертең тарихқа айналатын және әлемді дүр сілкіндіретін жаңалықтарды жасау үшін жер-жаһанды, тау-тасты аралауға дайын профессионал екендігін көрсетті. Өз кәсібін сүйетін осындай журналистер қатары бізде көп.

Сюжеттің дамуы бойынша камера бізді "Хабар 24" телеарнасының кешкі ақпараттық жаңалықтар студиясына алып келеді. Арнаның жаңалықтар қызметі 2019 жылы "Үздік ақпараттық сараптамалық бағдарлама" номинациясының жеңімпазы атанды.

Құпия емес, барлық көрермендер үшін жаңалықтар тізгінін ұстаған жүргізушілер – мінсіз тұлғалар. Алайда, олар алдыңғы шептің майталмандары. Өз жұмыстарына аса жауапкершілікпен қарайтын тележүргізушілер, өз қызметін таңғы сағат бесте бастап, түнгі сағат он екіде аяқтайды. Ал, отбасы мен бала-шағаға арналған мейірім мен көңіл бөлу жаңалықтар арасында ғана болатын дүние. Бұл - олардың өмірлік стилі, өз мамандығына деген жауапкершілігі мен көрерменге деген сүйіспеншілігі.

Адамның қолымен және онық қолдауымен жасалатын телевизия әлімінің болашағы жақын аралықта, яғни онжылдықтың ішінде өзгеруі мүмкін деген болжамды футурологтар жасап отыр. Ғалымдардың сөзіне дәлелді алыстан іздемей, алдыңғы сюжетте көрсетілген жаңалықтар студиясына назар аударайық. Студияда камералар роботталған және де 10 адам қызмет ететін жерде, робот-камераларды бір-ақ адам басқарып отыр.

Тоқтаусыз дамып келе жатқан технологиялар: жаңалықтардың агрегаторлары, тележүргізуші роботтар, голографиялық телевизия – бұның барлығы да масс-медиа қызметкерлері үшін майдан.

Алайда, барлық жаңашылдықтармен қатар адамға адам қашанда қажет. Бұл құндылыққа баса назарды тележурналистиканың асқан шебері – 2018 жылдың "Үздік тележүргізушісі" Дана Нұржігіт аударды.

Өзінің сөздерімен танымал журналист барлық әріптестерді тоқтаусыз дамуға, кәсіби биікке ұмтылуға шақырады!

Креативті топтың сценарийі бойынша 2017 жылдың "Үздік әзілкеш бағдарламасы" номинациясының жеңімпазы "Күлегеш" бағдарламасының тележүргізушілері барлық сюжеттерді, камераның артында тұрып бақылайды.

Биыл қазақ телевизиясына 62 жыл. Медиа сала осы уақыт аралығында профессионалдардың бірнеше ұрпағын тәрбиеледі, тарихи маңызды жобаларды жасады, жаңа жұлдыздарды дүниеге әкелді. Бұл дегеніміз – журналистика мамандығы кәсіби қызметкерлермен қатар экранның ар жағында бізді бақылап отырған көрермендерге де әрқашан қызық.

Жоғарыда атап өткен факторлардың барлығы да "Тұмар" ұлттық телевизиялық бәйгесінің және бәйгенің барлық жеңімпаздарының философиясы. Ақпарат таратуға, ағартуға және қанаттандырып, өзінің артынан із басуға итермелейтін философия.

Проморолик авторларының айтуынша, бұл мамандықта кездейсоқ адам жоқ. Себебі бұл майдан әлсіздер үшін жаралмаған. Бұл кәсіби әлем өзінің арманына сеніп, мақсатына жете білетін жандар үшін жаралған.

Өзгелердің жаңалығы