Еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

11 Наурыз 2020, 08:39
1161
Бөлісу:
Еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 наурыз күні Қазақстанның көптеген қаласында ауа сапасы жақсы болады, деп болжайды синоптиктер.


Қазгидрометтің мәліметінше, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе, Балқаш, Нұр-Сұлтан және Теміртау қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады.

Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Өзгелердің жаңалығы