Павлодар облысында шұғыл әрекет ету штабы құрылды 

11 Наурыз 2020, 18:03
1245
Бөлісу:
Павлодар облысында шұғыл әрекет ету штабы құрылды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Штаб өңірдегі экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатында құрылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.

Штаб төрағасы – Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов қазіргі экономикалық жағдайда әрекет ету бойынша дағдарысқа қарсы іс-шаралар жоспарын әзірлеуді және оған тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырды. Штабтың 2020 жылғы 10 наурызда өткен алғашқы отырысында дағдарысқа қарсы жоспар жобасы талқыланды. Құжат макроэкономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты, салық және бюджет саясатының тиімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ инфляциялық үдерістерді басқаруға бағытталуы тиіс.
Штаб мүшелері өндіріс көлемінің төмендеуі, өнім экспорты мен жұмыскерлер саны қысқару қаупі бар кәсіпорындардың тізімін құруды ұсынды. Сондай-ақ шағын және орта бизнестің тұрақты жұмысын қолдау үшін ірі тауар өндірушілермен меморандумға қол қою мүмкіндігі қарастырылып жатыр, - делінген ақпаратта.

Павлодар облысында азық-түлік жеткілікті. Дегенмен, әкім азық-түлік бағасын мұқият қадағалап, қажет болған жағдайда "Павлодар" ӘКК-ың тұрақтандыру қорын іске қосуды талап етті.

Дағдарысқа қарсы жоспар жақын арада бекітілетін болады. Облыс әкімі бастаған шұғыл әрекет ету штабы экономикалық жағдай тұрақтандырылғанға дейін ұдайы жұмыс істейтін болады.


Өзгелердің жаңалығы