Коронавирус: 3,5 мыңға жуық турист БҰҰ штаб-пәтеріне барудан бас тартты

11 Наурыз 2020, 17:47
1222
Бөлісу:
Коронавирус: 3,5 мыңға жуық турист БҰҰ штаб-пәтеріне барудан бас тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3,5 мыңға жуық турист коронавирусқа байланысты Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтеріне турдан бас тартты. 

Бұл туралы экскурсиялық бюро басшысы Винченцо Пулиезе мәлімдеді.

Сейсенбі кешке штаб-пәтерге турлар тоқтатылды, деп жазады РИА Новости. 

Пулиезенің айтуынша, турлар 31 наурызға дейін болмайды. 

Әзірге БҰҰ штаб-пәтеріне турлардан бас тартқандар адамдар саны 3500-ге жуық болды, - деді экскурсиялық бюро басшысы.

Сондай-ақ, енді тек БҰҰ территориясына рұқсат қағазы барлар ғана штаб-пәтерге кіре алады.

Өзгелердің жаңалығы