Коронавирус инфекциясының таралуы біршама тоқтады – Си Цзиньпин

11 Наурыз 2020, 12:30
1785
Бөлісу:
Коронавирус инфекциясының таралуы біршама тоқтады – Си Цзиньпин
VIDEO

 Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 наурыз күні Си Цзиньпин Ухань қаласына барды.

Қытай басшысы Ухань қаласындағы төтенше жағдай болған кезде он күннің ішінде салынған ауруханаға барып, видео байланыс арқылы пациенттер және дәрігерлермен сөйлесті. Сондағы бір ауданның тұрғындарымен кездесті.


Коронавирус инфекциясының таралуы біршама тоқтады, - деді ол.
Euronews-тің ақпараты бойынша, бұған дейін ұлттық денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулік бойынша инфекция жұқтырғандардың саны 19 адам екенін айтқан болатын. Салыстырмалы түрде айта кетсек, бұл көрсеткіш Италияда – 1800.

Қаңтар айында Хубэй түгелдей оқшауланған болатын. Ал 10 наурыздан бастап өзі инфекцияға шалдықпаған және вирус жұқтырған адамдармен қатынаста болмағандар үшін провинцияда еркін жүруіне рұқсат берілді. Бірақ Ухань қаласында әлі де шараларды қатаң сақтайды. Бүгінде Қытайда 80,5 мың адам коронавирус жұқтырған. Үш мыңнан астам адам осы вирустан көз жұмды.



Өзгелердің жаңалығы