Түркияда алғашқы коронавирус инфекциясы тіркелді

11 Наурыз 2020, 07:23
1588
Бөлісу:
Түркияда алғашқы коронавирус инфекциясы тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда алғашқы коронавирус инфекциясы расталды, деп хабарлайды Daily Sabah.


Түркия денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожаның айтуынша, пациент жақында Еуропа елдеріне сапарынан оралған. Коронавирус жұқтырған адамның отбасы мүшелері түгелдей бақылауға алынған.

Министр сонымен қатар түрік азаматтарын шетелге шықпауға шақырды және қайтып оралғандардан 14 күн бойы өз бетімен карантинге көшуді сұрады.

Қазірдің өзінде әлемде 100 мыңнан астам адам жаңа коронавирус жұқтырды, олардың көпшілігі сауығып, 4 мыңға жуығы қайтыс болды. Коронавирустың өршуі алғаш рет желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласында тіркелген болатын.
Өзгелердің жаңалығы