Все новости за 30 желтоқсан 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
«TORAŃǴY» коллекциялық монеталары айналымға шығады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» монеталар сериясынан номиналдары 200 және 100 теңгелік мельхиор қорытпасынан «TORAŃǴY» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.
-
Тоғжанов өкпе ауруларын емдеу аппараттар өндірісімен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «Барк Технолоджи» ЖШС кәсіпорнын аралады. Қазақстандық кәсіпорында өкпе ауруларын және өкпе ауруларының асқынуларын емдеуге арналған VibroLUNG бірегей виброакустикалық аппараты шығарылады.
-
Медиктер Жаңа жылды жаңа баспанада қарсы алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы Жаңа жылды 12 медицина қызметкерінің отбасы жаңа пәтерлерде қарсы алады. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
-
Сайлау күнгі санитарлық талаптар бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау Вице-министрі - ҚР Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Орталық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарына дауыс беру кезінде коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың денсаулығын қорғау алгоритмі жайлы айтты.
-
Министрлікте «Аяз Атаға хат» қайырымдылық акциясы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа жыл қарсаңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері «Аяз Атаға хат» қайырымдылық акциясын өткізді, оның шеңберінде өз қаражаттарына ауыр сырқаты бар 1105 балаға сыйлықтар сатып алды.
-
«BUǴY» коллекциялық монеталары айналымға шығады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық Банкі «Ғибадатты жануарлар – көшпенділердің тотемі» топтамасынан номиналы 5 000, 500, 200 және 100 теңгелік «BUǴY» коллекциялық күміс монеталарын айналымға шығарады.
-
Сайлауалды соңғы дебат өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Хабар» арнасында тікелей эфирінде Мәжіліс сайлауына қатысушы партиялар арасында теледебат өтті.
-
Қордай ауданының 12 ауылы көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қордай ауданындағы Отар ауылының маңында қуаттылығы сағатына 15 мың текше метр болатын жаңа автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылды.
-
Қарағанды гарнизонының әскери бөлімдері тексерілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрі жауынгерлік даярлықтың ұйымдастырылуын, әскери техниканың ұсталуын, сондай-ақ әскери қалашықтар инфрақұрылымының жай-күйін тексерді.
-
Ұлттық ұлан жауынгері 3 бүлдіршінді өрттен құтқарып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық ұлан әскери қызметшісі елордалық анаға түскі уақытта өрт шыққан пәтерден үш бүлдіршінді алып шығуға көмектесті.
-
Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
«Ауыл» партиясының өкілдері еңбек ұжымымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Кенжеғали Машырыков «Ауылдан ауылға» акциясы аясында «Жайық агро» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесті.
-
Ауа райы. Жылдың соңғы күні тұманды болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет жылдың соңғы күнінде ауа райына байланысты еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жариялады.
-
2021 жылы Қазақстан ЕЭО органдарына төрағалық етеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Келер жылы Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық етеді. Бұл бізге өзекті мәселелерді шешуге және жалпы интеграциялық күн тәртібін ілгерілетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.
-
Nur Otan Алматыда автошеру өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Nur Otan партиясын қолдайтын 200-ден астам әуесқой автожүргізуші автошеру өткізді.
-
Келесі жылы көлік салығы қалай төленеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік салығын төлеуді 2021 жылдың 1 сәуіріне ауыстырылған соң көлікке салынатын салық мөлшерін ұлғайтуға қатысты азаматтардың өтініштеріне байланысты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі қосымша ақпарат таратты.
-
Маңғыстауда мемқызметшілер жаңа жылды тойлаудан бас тартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстаулық мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлері, жаңа жылдық корпоративті тойлаудан бас тартты. Олар мереке қарсаңында әріптестерімен бас қосуға жиналатын қаржыны қайырымдылық қорларына аударса, енді бір ұжым көмекке мұқтаж жандарға қол созды.
-
«ADAL» партиясы өкілдерінің Алматы тұрғындарымен кездесуі жалғасуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласында «ADAL» партиясы өкілдерінің тұрғындармен кездесуі өтті.
-
Йемен әуежайындағы жойқын жарылыстан 5 адам қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Йеменнің оңтүстігіндегі Аден қаласының әуежайында жойқын жарылыс болды.
-
Úki халықаралық байқауда көрермен көзайымы жүлдесіне ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық банкі «Монета шоқжұлжызы-2020» ХІV байқауының қорытындысы туралы хабарлады.
-
Енді үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлікті тіркеуге болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Halyk Bank-пен бірлесіп жаңа сервисті іске асырды. Бұдан былай қазақстандықтар үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлікті тіркей алады.
-
«Ақ жол» партиясы азаматтарды қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының Республикалық штабында Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істеді.
-
Қазақстанда заң жобасын талқылайтын сайт ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазнетте қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен заң жобаларын талқылайтын жаңа платформа ашылды.
-
ҚХП өкілі Шымкенттің медицина қызметкерлерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 желтоқсанда Шымкентте Қазақстан Халық партиясының мүшесі Гүлайша Мүсілтаева өңірдегі медицина қызметкерлерімен кездесті.
-
Төрт елдің басшылары мемлекетаралық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент бірқатар мемлекеттер басшыларымен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Халықаралық байқаушылар елорданың сайлау учаскелерін аралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ТМД халықаралық байқаушылары елорданың бірнеше сайлау учаскесінің дайындығын пысықтады. ТМД-дағы миссия штабының жетекшісі Евгениий Козяктің айтуынша, олар өз миссиясына 21 желтоқсанда кіріскен.
-
Алматы - 2020. Жыл қорытындысы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылы Алматы қаласында қандай өзгерістер болды? Әлеуметтік-экономикалық ахуалы қалай дамыды? Пандемия қала өміріне қалай әсер етті? Қандай оқиғаларымен ел есінде қалды? Осы және өзге де сұрақтар бойынша жасаған шолуымызды оқи отырыңыздар.
-
Атырауда үш колледждің жатақханасы пайдалануға берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы Атырау облысында үш колледждің жатақханалары пайдалануға берілді, деп хабарлайды облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
-
1 қаңтардан бастап Қазақстанның барлық өңірінде космомониторинг іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде Жер ресурстарын басқару комитеті мен жергілікті атқарушы органдардың Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану тапсырмасының орындалу барысы туралы алқа отырысы өтті.
-
Нұр-Сұлтан жедел жәрдем станциясына қосымша көліктер берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық жедел жәрдем қызметі 17 жаңа реанимобиль кілтін алды. Машиналарда барлық қажетті жабдықтар бар, бұл шақырылған жерде де, науқасты ауруханаға жеткізгенде де қарқынды терапия жүргізуге мүмкіндік береді.
-
Биыл Алматының индустриялық аймағында 3 ірі жоба іске қосылған
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматының индустриялық аймағында 5 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 35 жобаны іске қосылады.
-
Павлодар облысында жаңа шектеу шаралары енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Ол 31 желтоқсанның түн ортасынан бастап күшіне енеді.
-
Елордада жаңа жылда қандай іс-шаралар өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа жылды қарсы алу үшін елорданың мәдени мекемелері қала қонақтары мен тұрғындары үшін жарқын, ауқымды бағдарламалар дайындады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Мәжіліс Каспий теңізіндегі шекараға қатысты заңды қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаттары Каспий теңізіндегі қызметті жүзеге асыруға қатысты мәселелер бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы Каспий теңізіндегі мемлекеттердің шекараларын анықтайды.
-
Жамбылдық полицейлер 3 қап марихуана тәркіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық полицейлер автокөліктің жүксалғышынан 3 қап марихуана тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Алматының Наурызбай ауданындағы салық түсімі 130% құрады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматының Наурызбай ауданына биыл негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 88 млрд теңгені құрады.
-
Ақтөбеде көне діни жәдігер табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті жанындағы «Руханият» мұражайына көне жәдігер жеткізілді, деп хабарлайды muftyat.kz.
-
Пандемияға қарамастан өлімнің басым көпшілігі жүрек-қан тамыр ауруларынан болуда
Алматы, BAQ.KZ. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Кардиология кафедрасының профессоры Сәуле Оразалина коронавирустық инфекцияның жүрек пен жүрек тамырларына әсері туралы айтты.
-
Ұландықтар ұрлық жасаған күдіктілерді ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласын патрульдеу кезінде Ұлттық ұлан 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ұрлық жасаған күдіктілерді қолға түсірді. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Полицейлер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне теледидар сыйлады
Алматы, BAQ.KZ. Алматылық полицейлер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне теледидар сыйлады.
-
Нығматулин Мәжілістің 2020 жылғы жұмысын қорытындылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин палатаның 2020 жылғы соңғы жалпы отырысын өткізіп, қорытынды нәтижелерге тоқталды.
-
12 мыңнан астам этникалық қазақ оралман мәртебесін алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 12,3 мың адам тарихи Отанымен табысып, оралман мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 69,5 мың этникалық қазақ оралды.
-
Исидор Борчашвили: Еш профилактикасыз жемқорлықпен тиімді күресе алмаймыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазіргі заманғы құқық институтының директоры, ҚР Жоғарғы соты жанындағы ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі Исидор Борчашвили Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Facebook-тегі парақшасында өткен онлайн кездесу барысында айтты.
-
Атырау облысы әлі «қызыл аймақта» тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл аймақта» тұр.
-
Мәжілісте дипломатиялық қызмет туралы заң қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» заңы қабылданды.
-
Сағынтаев халықаралық сайлауды байқаушылар миссиясымен кездесті
Алматы, BAQ.KZ. Кездесу барысында 10 қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісіне сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды.
-
2020 жыл: Сөзден іске көше алдық па?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Пандемия, локдаун, жұмыссыздық, құлдырау... Бұған қоса мінберлерде жиі айтылған сөздер көшін ынталандыру, қолдау, оңалту дегендер бастап тұрған шығар. Солар арқылы сан мәрте пәрмен беріліп, міндет жүктелді. Ал сөзден іске көше алдық па?
-
ҚТЖ филиалының экс-директоры сотталды
Алматы, BAQ.KZ. «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның «Павлодар электрмен қамтамасыз ету дистанциясының» бұрынғы директоры Р. Ибраев жемқорлық қылмысы бойынша жазаланды.
-
Алматылық жігіт тісімен 26 тонналық вагонды сүйреп, рекорд орнатты
Алматы, BAQ.KZ. Алматылық Александр есімді жігіт елімізде бұрын соңды болмаған рекорд орнатты. Бұл туралы Алматы телеарнасы хабарлады.
-
ҚР Үкіметі мен «Татнефть» машина жасауды дамыту туралы келісімге қол қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Машина жасауды дамытуға қатысу туралы келісімге Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр мен «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Маганов қол қойды.
-
Кейбір жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі өзгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап Ақмола облысының аумағында орналасқан барлық стансалар бойынша теміржол билеттерін сатуға және жолаушыларды отырғызуға/түсіруге рұқсат етілді.
-
КВИ белгілері бар пневмонияның 170 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2020 жылғы 30 желтоқсанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жариялады.
-
КВИ мен пневмониядан 12 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2020 жылғы 30 желтоқсандағы ақпаратты жариялады.
-
Қарағандыдағы геохимиялық зертхана 40 мың геологиялық сынамаға зерттеу жүргізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың сәуір айында Қарағанды қаласында «ALS Қазгеохимия» зертханасы ашылған болатын.
-
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 желтоқсан, сәрсенбі күні еліміздің 3 қаласында ауа сапасы ластануы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
-
Сәрсенбі, 30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәрсенбі, 30 желтоқсанда атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында қар жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
-
Өткен тәулікте 1047 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 1047 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 726 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 726 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
-
Биыл 30 отбасылық тауарлы-сүт фермасы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 11 айында Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешенде импортты алмастыру шеңберінде жалпы қуаттылығы 94,5 мың тонна құс етін өндіретін 8 жаңа құс фабрикасы және 2 үйрек-қаз фермасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
-
Модельер Пьер Карден өмірден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі француз дизайнері атанған Пьер Карден 98 жасында өмірден өтті.
-
Волейболдан «Жетісу» әйелдер командасы ел біріншілігінде топ жарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионатының ІІ кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Балқашта тағы 92 отбасы «Нұрлы жер» бойынша баспанаға ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа жыл қарсаңында Балқаштың 92 отбасы баспаналы болды. Көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырғандарға, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға, жетім балаларға және т.б. пәтер кілті табысталды.
-
Сөмкесінде есірткі сақтаған азамат ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында «Буран-135» патрульдік экипажының қызметкерлері есірткі тасымалдаған азаматты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Шымкент: Денсаулық сақтау саласында инвестициялық бес жоба жүзеге асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін салу, қызметтер мен жұмыс сапасын арттыру мақсатында биыл денсаулық сақтау саласы бойынша 5 жоба іске асырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Павлодарда Мұзафар Әлімбаев атындағы мектеп ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім ордасы «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша салынып, жабдықталды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
-
Өскеменде бір жыл бұрын пайдалануға берілген үйдің қабырғасы қақ айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде жаңа салынған көпқабатты үйдің қасбетін жел ұшырып кетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
-
Шпекбаев: Мәдениет саласындағы жемқорлық мемлекеттің абыройына нұқсан келтіреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Мәдениет және спорт министрілігінің басшылығы екіжақты бастамамен кездесу өткізді. Күн тәртібіндегі басты мәселе министрліктің жауапты салаларындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өзара іс-қимыл сұрақтарына бағытталған.
Наверх