Келесі жылы көлік салығы қалай төленеді?

30 Желтоқсан 2020, 18:42
4882
Бөлісу:
Келесі жылы көлік салығы қалай төленеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік салығын төлеуді 2021 жылдың 1 сәуіріне ауыстырылған соң көлікке салынатын салық мөлшерін ұлғайтуға қатысты азаматтардың өтініштеріне байланысты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі қосымша ақпарат таратты.

Салық төлеуші ​​2020 жылға арналған салық міндеттемелерін 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін орындауы керек. Тиісінше, көлік салығының сомасы 2020 жылғы 1 қаңтарындағы айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады, - деп хабарлады комитет.

Еске сала кетейік, жоғарыда көрсетілген мерзімде АЕК мөлшері 2 651 теңгені құрады. 

Сәйкесінше, салық осы көрсеткіштен есептелетін болады.

2021 жыл үшін көлік салығын 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеген кезде 2021 жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын АЕК қолданылады.

Еске салайық, мүлік пен жер салығын төлеу мерзімі өзгермейді, салықтардың осы түрлері бойынша міндеттемелер есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қазанына дейін орындалуы керек.

Сондай-ақ келесі жылдан бастап салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген салықтарды жаңа формада - біріктірілген бюджеттік жіктеу коды арқылы төлейтін болады.

Өзгелердің жаңалығы