Маңғыстауда мемқызметшілер жаңа жылды тойлаудан бас тартты

30 Желтоқсан 2020, 18:26
1377
Бөлісу:
Маңғыстауда мемқызметшілер жаңа жылды тойлаудан бас тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстаулық мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлері, жаңа жылдық корпоративті тойлаудан бас тартты. Олар мереке қарсаңында әріптестерімен бас қосуға жиналатын қаржыны қайырымдылық қорларына аударса, енді бір ұжым көмекке мұқтаж жандарға қол созды.

Мәселен Маңғыстау ауданына қарасты 12 ауылдың әкімдік қызметкерлері 500 000 теңге жинап, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пен жаңа жылдық сыйлық үлестірді.

Сондай-ақ 6 баласы бар арбада отырған анаға қолдау көрсетіп, қаржылай көмек берді. Қарақия ауданының мемлекеттік қызметкерлері 631 мың теңге көлемінде қаржы жинап, қайырымдылыққа аударды.

Қайырымдылық эстафетасын Маңғыстау облысындағы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы жалғады. Ұжым облыстық орталық «Бекет ата» мешітіне 100 мыңға жуық қаржы аударған. Бұдан бөлек, Маңғыстау облысының Қаржы басқармасы, Кәсіпкерлік және сауда басқармасы, Инвестициялар және туризмді дамыту басқармасы, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы «Мы люди мы вместе» қайырымдылық қорына 1 күндік жалақыларын аударды. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші Маңғыстау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері «30 игі іс» республикалық акциясын жалғастыруда. Олар тұрмысы төмен отбасыларға ас үй жиһаздары мен кереует алып көмектессе, тағы 20 отбасыға азық-түлік жеткізді, - делінген Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығы хабарламасында.

Қала, аудан әкімдіктері тұрмысы төмен отбасылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа жылдық сыйлықтар үлестірді.


Өзгелердің жаңалығы