Nur Otan Алматыда автошеру өткізді

30 Желтоқсан 2020, 19:00
1648
Бөлісу:
Nur Otan Алматыда автошеру өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Nur Otan партиясын қолдайтын 200-ден астам әуесқой автожүргізуші автошеру өткізді.

Пандемия елдің қоғамдық-саяси өміріне және әлеуметтік-экономикалық процестеріне елеулі өзгерістер енгізді. Бірақ Алматының рухты жастары мен танымал тұлғалары Шоқан Уәлиханов атындағы скверді айтарлықтай жандандырды. 

Олардың қатарында белгілі композитор, ҚР Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев, 2000 жылғы Олимпиада чемпионы, боксшы Ермахан Ибраимов, қазақстандық шахматшы, халықаралық спорт шебері және әйелдер арасындағы гроссмейстер Жансая Әбдімәлік және басқалар бар.

Алматыдағы зиянды заттар шығарындыларын 3 есеге азайту және ЖЭО-2 газдандыру жоспарланып отыр. 350 шақырым автожол, 4 жол айрығы және 7,5 млн шаршы метр тұрғын үй құрылысын салу жоспары бар. Соның аясында 240 мың жаңа жұмыс орындарының ашылуы, 19 емдеу-сауықтыру мекемесінің, 7 жаңа мектептің және 330 балабақшаның құрылысы жүзеге аспақ.

Фото: Павел Михеев
Өзгелердің жаңалығы