Йемен әуежайындағы жойқын жарылыстан 5 адам қаза болды

30 Желтоқсан 2020, 17:52
1744
Бөлісу:
Йемен әуежайындағы жойқын жарылыстан 5 адам қаза болды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Йеменнің оңтүстігіндегі Аден қаласының әуежайында жойқын жарылыс болды.

РИА Новости хабарлауынша, бұл уақытта Эр-Риядтан үкіметтің жаңа мүшелері келіп жатқан көрінеді. 

Бес адам қаза болды. 20 жуық адам жараланды. Министрлер дін аман, себебі оқыс оқиға кезінде олар ұшақ трапынан түсіп үлгермеген. Олар үкімет сарайына орналастырылды, - делінген хабарламада.

Бұған дейін Йемен Президенті Абду Раббу Мансур Хади 24 министрден құралған жаңа үкіметті бекіткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы