Алматының Наурызбай ауданындағы салық түсімі 130% құрады

30 Желтоқсан 2020, 13:19
1636
Бөлісу:
Алматының Наурызбай ауданындағы салық түсімі 130% құрады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматының Наурызбай ауданына биыл негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 88 млрд теңгені құрады.

Бұл туралы аудан әкімі Санжар Тоғай өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен онлайн брифингте айтты.

Оның айтуынша, 2020 жылы ауданды дамытуға 70 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген, бұл 2019 жылмен салыстырғанда жеті есеге көп.

Осы жылдың 11 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 88 млрд теңгені құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 12,5 есе көп. Салық түсімдері 130%-ға өсу қарқынымен 13,2 млрд теңгені құрады. Өндіріс көлемі 5,3 млрд теңгені құрады,-деді С. Тоғай.

«Алматы бизнес 2020-2025» бағдарламасы аясында қала аумағында алғаш рет тоқтап тұрған кәсіпорындарды жандандыру мақсатында Наурызбай ауданында өнеркәсіптік парк ашылған. Оның жалпы ауданы 4 мың шаршы метр.«Ala Estate ЖШС өндірістік үй-жайлары, онда 10 жаңа өндіріс, яғни жиһаз, кеңсе бұйымдары, галантерея шығаратын орын ашылған.

Биыл «БЖК-2025», «Еңбек» және «Алматы бизнес-2025» бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 3,5 млрд теңгеден астам сомаға 18 жоба қолдау алды. Бұл шаралар айналым қаражатын толықтыруға мүмкіндік берді, жаңа кәсіпкерлік нысандардың ашылуына, сондай-ақ экономикалық айналымға 30 гектардан астам бос жер учаскелерін тартуға ықпал етті. Мысалы, Шұғыла шағын ауданында 15,5 га жер учаскесінде көпқабатты тұрғын үй құрылысының жобасы әзірленуде. Қарғалы шағынауданында 3,5 га жер телімінде жеке меншік мектептің құрылысы басталды. Бұдан басқа Ақжар шағынауданында тоқыма фабрикасының құрылысы аяқталуда, - деді аудан әкімі.
Өзгелердің жаңалығы