Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

30 Желтоқсан 2020, 08:50
1313
Бөлісу:
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 желтоқсан, сәрсенбі күні еліміздің 3 қаласында ауа сапасы ластануы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Ақтөбе, Алматы және Шымкентте ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Республиканың өзге қалаларында метеожағдай тұрақты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Өзгелердің жаңалығы