«ADAL» партиясы өкілдерінің Алматы тұрғындарымен кездесуі жалғасуда

30 Желтоқсан 2020, 18:09
1564
Бөлісу:
«ADAL» партиясы өкілдерінің Алматы тұрғындарымен кездесуі жалғасуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласында «ADAL» партиясы өкілдерінің тұрғындармен кездесуі өтті.

«ADAL» саяси партиясының кеңсесінде Алматы қаласының белсенді жастары мен Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары, студенттерімен онлайн-жиын ұйымдастырылды. Шара барысында партия мүшесі Олжас Ордабаев білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы айтты.

«ADAL» партиясы өкілдерінің Алматы тұрғындарымен кездесуі жалғасуда

Оның айтуынша, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен бастап, мұғалімдердің жалақысын арттыру мәселесі өте өзекті тұр. Білім берудің барлық деңгейінде мұғалімдердің жалақысын арттыру мүмкіндіктері бойынша жұмыс жалғаса бермек.

Осы тектес кездесулер мегаполистің ірі базарлары мен сауда нүктелерінде жалғасты. Партия өкілдері шағын бизнес өкілдерімен кездесіп, базар қызметкерлеріне жұмыспен қамту және медициналық сақтандыру мәселелері туралы айтылды.

Өзгелердің жаңалығы