Биыл Алматының индустриялық аймағында 3 ірі жоба іске қосылған

30 Желтоқсан 2020, 14:49
1281
Бөлісу:
Биыл Алматының индустриялық аймағында 3 ірі жоба іске қосылған

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматының индустриялық аймағында 5 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 35 жобаны іске қосылады. 

Бұл туралы Алматы қаласы Индустриалды аймағы директорының міндетін атқарушы Әділ Амралин онлайн брифингте айтты.

Амралин бизнесті дамыту жөніндегі жұмыстың қорытындылары және алдағы жылға арналған жоспарлар туралы баяндады.

Оның айтуынша, биыл индустриялық аймақта жалпы сомасы 28,8 млрд теңгеге, 442 жұмыс орнын құрумен 3 жоба іске қосылған.

Атап айтар болсақ «ДорХан-Алматы» ЖШС металл өңдеу зауыты іске қосылды. Ол жылжымалы қоршау конструкцияларын, Автоматты қақпалары мен рольставтарын өндіретін зауыт. Жобалық қуаты жылына 12 125 бірлік бұйым, 42 жұмыс орнын құрумен, құны 417 млн теңге. Сондай-ақ,«Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС автокөлік құралдарын шығаратын зауыт пен  медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығаратын "Алмерек" ЖШС зауыты бар. Жақын арада жалпы сомасы 16,8 млн теңгеге тағы 5 жоба іске қосылады, - деді ол.

Сонымен қатар ол 2021 жылы және одан кейінгі жылдары 5 мыңнан астам жұмыс орнын, оның ішінде экспортқа бағдарланған 15 кәсіпорынды құра отырып, сомасы 119,7 млрд теңгеге  35 жобаны іске қосу жоспарланып отырғанын айтты. Қазір аталған резиденттер бөлінген учаскелерде жобалау, құрылыс, іздестіру жұмыстарын жүргізуде екен.

Алматы индустриялық аймағының резидент компаниялары Алматы қаласы экономикасының дамуына елеулі үлес қосуда. Республиканың жедел экономикалық өсуіне, әртараптандыруға, импортты алмастыруға, ішкі нарықты молықтыруға, халықтың жұмыспен қамтылуын арттыруға және әлеуметтік жағдайды жақсартуға ықпал етеді, - дейді ол.

Алматы индустриялық аймағы аумағының жалпы ауданы 490 га құрайды, оның ішінде жобаларға 326 га бөлінген.

Өзгелердің жаңалығы