«TORAŃǴY» коллекциялық монеталары айналымға шығады
30 Желтоқсан 2020, 23:44 1168

«TORAŃǴY» коллекциялық монеталары айналымға шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» монеталар сериясынан номиналдары 200 және 100 теңгелік мельхиор қорытпасынан «TORAŃǴY» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.

«TORAŃǴY» коллекциялық монеталарды сату Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы жүзеге асырылады. Сату күні туралы ақпарат ҚҰБ ресми сайтында қосымша хабарланады.

Онлайн-сату жүйесі қазіргі эпидемиологиялық жағдай аясында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ілкі жоба ретінде іске қосылып отыр. Монеталарды онлайн-сату және жеткізу ҚҰБ интернет-дүкенінің жаңартылған платформасы арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыстарды өңдеу белгілі бір уақытты қажет ететіндіктен, монеталарды сату бірнеше күнге бөлінеді.

«TORAŃǴY» коллекциялық монеталары туралы:   

TORAŃǴY (Тораңғы) – түрлі жапырақты терек. Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Әр түрлі халықтардың қасиет көретін құрметті ағашы болады. Олардың әрқайсысына тән өз аңызы бар. Жапондарда ол – сакура, еуропалықтарда – емен, үнділерде – Секвоя, африкалықтарда – баобаб. Ежелгі көшпелілерде тораңғы – табынатын және қасиетті саналатын ағаш саналды.

Номиналы 200 теңге және 100 теңге «TORAŃǴY» монеталарының сипаттамасы:

Монетаның бет жағында (аверсінде) құқықтық бөлігінде тірі және өсімдіктерден жасалған коллаж айналымында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. Ұлттық Банктің тауар белгісінің (логотипі) бейнесі және номиналды монеталарды білдіретін «brilliant uncirculated» дайындау сапасымен нейзильбер қорытпасынан жасалған монетадағы «рrооf-like» және «100 TEŃGE» жазу мельхиор қорытпасынан жасалған. Монета жиегінде «QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI» және «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деп айналдыра жазылған жазу бар.

Сыртқы жағында (реверсінде) шөлді шағылдың фонында Тораңғы терегінің бейнесі («рrоof-like» сапасымен мельхиор қоспасынан монетада алтын жалату технологиясын қолдана отырып орындалған), жоғарғы оң жақ бөлігінде «TORAŃǴY» және «POPULUS DIVERSIFOLIA» (түрдің латынша атауы) деген жазулар бар.

Мельхиор және нейзильбер қорытпаларынан жасалған монеталардың аверс пен реверс бейнелері бірдей.

Монеталардың сипаттамасы:

- номиналы 200 теңгелік монеталардың салмағы 15 грамм, диаметрі 33 мм, алтын жалатылған, «рrооf-like» сапасымен мельхиор МН 25 қорытпасынан жасалған, таралымы 7 000 (жеті мың) дана;

 - номиналы 100 теңгелік монеталардың салмағы 15 грамм, диаметрі 33 мм, «brilliant uncirculated» сапасымен, мельхиор МН 25 қорытпасынан жасалған, таралымы 10 000 (он мың) дана;

- номиналы 100 теңгелік монеталар МНЦ 15-20 нейзильбер қорытпасынан, «uncirculated» сапасымен жасалған, салмағы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм,  таралымы 100 000 (жүз мың) дана.

Номиналы 200 және 100 теңгелік коллекциялық монеталар олардың белгіленген құны бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аудару үшін қабылдануға міндетті. Қазақстан Республикасының барлық банкінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

«Proof-like» өндірісінің сапасымен мельхиор қоспасынан жасалған монеталар кәдесый қаптамасында шығарылады. Мельхиор қоспасынан жасалған «brilliant uncirculated» дайындалған монеталар арнайы полиграфиялық орамада болады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.


Фото: дереккөз
Загрузка...