«Ақ жол» партиясы азаматтарды қабылдады

30 Желтоқсан 2020, 17:11
1265
Бөлісу:
«Ақ жол» партиясы азаматтарды қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының Республикалық штабында Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істеді. 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Ақ жол» партиясының мүшелері азаматтарды қабылдады.

Сайлаушылардың «Ақ жол» қабылдауына келгендегі мәселелері әртүрлі болды, негізінен - жеке сипаттағы сұрақтар.

Депутат Ерлан Барлыбаевқа газдандыру мәселесі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Н.Ахметбеков және Ө.Жәнібек көшелерінің тұрғындары атынан М.Рахымғұлов жүгінді. Оларды жұмыстың баяу жүріп жатқаны мазалайды. Тұрғындар жергілікті биліктің тиісті бақылауды жүргізбегеніне, газдандыруды аяқтауға қызығушылық танытпағанына шағымданды.

«Ақ жол» партиясы азаматтарды қабылдады


 

Қарағанды қаласының тұрғыны М.Мырзаханова депутат Дания Еспаеваға отбасының проблемалық қарыздары бойынша жүгінді. Қазір барлық табыс несиелерді өтеуге жұмсалады. Отбасы өмір сүру қаражатынсыз қалуда. Ал микрокредиттік ұйымдар қарыздарды өтеу шарттарын қайта қарастырмай отыр.

Депутат Меруерт Қазбековаға тұрғын үй мәселесімен астаналық Райхан Камалова келді. Камалованың айтуынша, оны тұрғын үй кезегіне қоймайды. ЖАО жауапты қызметкерлері мұны мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының критерийлеріне сәйкес келмейтіндігімен түсіндіреді. Мәселен, оның зейнетақысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары.

 

Келіп түскен барлық өтініш қаралатын болады. Олар бойынша тиісті құрылымдарға хаттар дайындалып, бүгінгі көтерілген сұрақтар «Ақ жол» партиясының алдағы жұмысында пайдаланылатын болады, - деп сендірді Демократиялық партияның заң қызметі. 


 

Өзгелердің жаңалығы