Сәрсенбі, 30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

30 Желтоқсан 2020, 08:36
1708
Бөлісу:
Сәрсенбі, 30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәрсенбі, 30 желтоқсанда атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында қар жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қазақстанның қалған аумақтарына солтүстік антициклон ықпал етеді, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, желдің күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, желдің күшейюі 15-20 м/с күтіледі. Алматы облысының кей жерінде – тұман, Жалаңашкөл аймағында жел 18-23 м/с күшейеді.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтобе, Қостанай, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Түнде Алматы облысының солтүстігінде қатты аяз күтіледі.


Өзгелердің жаңалығы